13.12.2012, 13:52 2842

ҚР премьер-министрі "Шеврон" корпорациясының бас атқарушы директоры Джон Уотсонды қабылдады

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық шеңберін кеңейте түсу мәселесін талқылады.

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі С. Ахметов "Шеврон" корпорациясының бас атқарушы директоры Джон Уотсонды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық шеңберін кеңейте түсу мәселесін талқылады.

Д. Уотсон Қазақстандағы кен орындарын игерудегі жобаларды жүзеге асыру және "Шевронның" республикадағы қызметінің болашағы туралы баяндады.

"Біз "Шевронның" Қазақстандағы қызметін үнемі қадағалап отырамыз, сондықтан оның болашақтағы жобалары бізге жақсы таныс. Жалпы, Үкімет мұнай және газ министрлігі арқылы сіздердің біздің елдегі қызметтеріңізді қолайды", деді С. Ахметов.

Өз кезегінде, Д. Уотсон өткен 20 жылда компания басшылығы Қазақстан Үкіметімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орната білгенін, сондықтан да "Шеврон"-ның Қазақстандағы жұмысына мақтанышпен қарайтынын жеткізді.

"Осы жылы корпорация өз тарихында ғана емес біздің ғаламдық жобалардың ішінде ең ірі күрделі жөндеу жүргізді. Біз бұл үшін қосымша 6500 жұмысшы тарттық. Нгізінде барлық жұмыс қазақстандық қызметкерлер мен компаниялардың күшімен атқарылды. Бұл болашақта кен өндіру көлемін барынша көбейтуге мүмкіндік береді", деді " Шевронның" басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны