16.02.2016, 17:21 3808

ҚР Президенті Алматыныӊ экологиясын жақсартуды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда өткен жиында қала басшылығына Алматыныӊ экологиясын жақсартуды тапсырды

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда өткен жиында қала басшылығына Алматыныӊ экологиясын жақсартуды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бутаковкада үй салып тастаған. Шымбұлаққа баратын аспалы жол не үшін салынды? Сол жерге машинамен жетуге ме? Еуропалық тау шаӊғысы курорттарында көлік көрдіӊіздер ме? Мына қарқынмен орманды жойып тынамыз", - деді Н.Назарбаев, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы қала әкіміне тыйым салынған жерлерге үй салғандарды ойланбастан сүріп тастау керектігін айтты.

"Ил-Фарабидан жоғары үй салмауды тапсырдым. Сонда да салынып тасталған. Қала таудан келетін самалдыӊ арқасында демалып отыр. Тауды да жауып тастапсыӊдар", - деді Президент.

Сонымен қатар, Елбасы Алматыныӊ тазалығы туралы айтты.

"Бұл - барлық қазақстандықтардыӊ сүйікті қаласы. Көріктендіру, тазалық, арық жүйесініӊ абаттандырылуын қадағалау керек. Қаланыӊ қожайыны ретінде үйіӊді қарағандай қарау керек. Басшылық меніӊ ескертпелерімнен нәтиже шығарады деп үміттенемін", - деді Н.Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны