26.09.2011, 18:05 3928

ҚР президенті астық түсімін сақтауды және дер кезінде экспорттауды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімовке астық түсімін сақтауды тапсырған.

Астана. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР президенті астық түсімін сақтауды және дер кезінде экспорттауды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімовке астық түсімін сақтауды тапсырған.

"Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер ақшалай шығынға батпай, осы үлкен астық түсімінен әрі қарай даму негізінде тиісті табыс табуы үшін биылғы астық түсімін сақтау, оны уақытылы экспорттау өте маңызды", - деді Н. Назарбаев.

"Екінші үлкен маңызды мәселе - барлық аймақтарды, жалпы халық шаруашылығын қысқа дайындау. Бұл да өте маңызды", - деп қосты Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тиісті деңгейде атап өту үшін дайындалу қажеттігін атап өтті.

"Мен бірқатар өңірлерге, солтүстік, батыс облыстарға барғанымда, әр жыл сайын әрбір елді мекен оны сезінсін деген тапсырманың орындалу барысымен таныстым, ол біздің бағдарламаларымызда да жазылған", - деп ескерді Н. Назарбаев.

"Исіресе ол жұмыспен, ауыз сумен қату және ТКШ-ны қайта жөндеу бағдарламалары. Бұл бағдарламалардың әр адамға қатысы бар, әрбір қарапайым адамның мүддесін қозғайды, сол себепті дәл осы тұстарды назардан шығармау керек. Барлық облыстарда тиісті жұмыстар қарқынды жүргізілсін", - деп қосты ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда қажетті бағдарламалардың бәрі бар: индустриалық бағдарлама, аграрлық кешенді дамыту бағдарламасы, әлеуметтік мәселелер бойынша бағдарламалар, медицина мен денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы, ТКШ және ауыз сумен қамтуға бағытталған бағдарламалар.

"Барлық бағдарламалар жасалған, қаражат бөлінді, қазір мәселе экономиканың дамуына, халықтың өмірін жақсартуға бағытталған осы бағдарламалардың орындалуын қадағалау жайында болып тұр. Сол себепті үкімет бар назарын осы мәселеге шоғырландыруы керек", - деп ескерді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны