03.11.2011, 12:14 3816

ҚР президенті БАИ премьерінің орынбасарымен екі елдің инвестициялық салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Имірліктеріне келген.

Астана. 3-қараша. Kazakhstan Today - ҚР президенті БАИ премьерінің орынбасарымен екі елдің инвестициялық салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Имірліктеріне келген.

Қазақстан Президенті Премьер-министрдің орынбасары - БАИ-нің Президент істері бойынша министрі шейх Мансұр бен Заид Ил Нахаянмен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, алдағы уақытта Абу-Даби қаласында қазақстан-әмірліктер үкіметаралық комиссиясының 5-отырысын өткізу мәселесі, сондай-ақ Қазақстанның Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен инвестициялық ынтымақтастығын дамытуға арналып, биылғы жылдың қазан айында Абу-Даби қаласында өткен бизнес-форумның қорытындысы талқыланды.

Мемлекет басшысы форум аясындағы қазақстандық және араб компаниялары арасында қол жеткізілген уағдаластықтар нақты жоба ретінде іске асырылатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны