07.06.2007, 15:01 2825

ҚР президенті қазақстандықтарды ипотекалық несие алу үшін қызу еңбек етуге шақырды

АЛМАТЫ. 7 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды ипотекалық несие алу үшін қызу еңбек етуге шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен Қазақстандықтарды қызу еңбек етуге шақырамын, сонда ғана әркім ипотекалық несие ала алады",- деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының президенті.

"Еңбек еткен адам баспананы ешқандай қиындықсыз ала алады. бізде орташа айлық - 400 доллар. Егер бір отбасында екі адам жұмыс істесе, онда несиені еш қиындықсыз рәсімдей алады. "Ал балық, аузыма салы балық" деп алақан жая бермей, еңбектену керек",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар президент Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысының кең тарайтындығын атап өтті. "Бұл тұрғын үйді уақыт өте келе сатып алуға болады",- деп түсіндірді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Өкінішке орай, жылжымайтын мүлік бағасының өсуі бүкіл қарқынды дамып келе жатқан экономикаға тән. Мұндайды кезінде Жапония да бастан өткерген. Егер сұраныс болса, адамдарда ақша болса, онда баға да өседі. Егер сатып алатын ешкім болмаса, онда баға да күрт түсер еді",- деді ел басшысы.

"Бізде нарықтық экономика, еркін баға. Және де оны мемлекет реттемейді",- деп атап көрсеткен Н. Назарбаев іс жүзінде "баспананың елімізде алыпсатарлық құралына айналғанын" да айта кетті. "Тек 2006 жылдың өзінде Қазақстанда ипотекалық несие 80 пайызға өскен. Бағаның өсуі жанар-жағармайдың, құрылыс материалдарының қымбаттауына да әсер етеді, көп заттар шетелдерден әкелінеді. Ахуалды өзгерту үшін, біз үш жыл бұрын арзан тұрғын үй салу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруды бастадық",- деп еске сала кетті Н. Назарбаев. "15,8 млн шаршы метр тұрғын үйдің салу қарастырылған, бірақ 18 млн шаршы метрі пайдалануға беріледі. Бұл 1 млн 200 мың қазақстандық жаңа пәтерлерге ие болады деген сөз",- деді Н. Назарбаев.

Президенттің айтуынша, 2008-2010 жылдарға арналған жаңа бағдарлама бойынша Қазақстанда 300 мың отбасы үшін 27 млн шаршы метрден астам пәтер салу жоспарлануда. "Жалпы, 6 жыл ішінде 3 миллионға жуық адам баспана жағдайын жақсартады", - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны