05.09.2012, 14:57 3394

ҚР президенті сенат төрағасын қабылдады

Сенат Төрағасы Мемлекет басшысын ағымдағы заң шығарушылық жұмысынан хабардар етті және Парламенттің бесінші шақырылымының екінші сессиясын ашу кезінде Президент жүктеген міндеттерді іске асыру жөнінде Палатаның жоспарлары туралы айтты.

Астана. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенат Төрағасы Мемлекет басшысын ағымдағы заң шығарушылық жұмысынан хабардар етті және Парламенттің бесінші шақырылымының екінші сессиясын ашу кезінде Президент жүктеген міндеттерді іске асыру жөнінде Палатаның жоспарлары туралы айтты.

Сонымен қатар Қ.Мәми Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру және мемлекеттік бағдарламаларды дер кезінде құқықтық қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны