16.05.2011, 12:58 3608

ҚР президенті шетелдік инвесторларды өндірістің 1 пайызын инновацияға бөлуге міндеттеу керек деген ұсыныс айтты

Ол, әрбір ұлттық компаниялар, кәсіпорын, зауытта ғылыми-зерттеу институты болу керектігін, оған олар қаржы бөлуі тиістігін атап көрсетті.

Астана. 16 - мамыр. Kazakhstan Today - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларды өндірістің 1 пайызын инновацияға бөлуге міндеттеу керек деген ұсыныс айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгін сіздер маған осындай 70 жобаны көрсеттіңіздер, олардың жартысын мен жарамсыз деген болар едім, өйткені олар нағыз инновация емес. Бірақ әлі де уақыт бар. Барлық сала бойынша жұмыс істейік",- деді Н.Назарбаев "Алатау" ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында өткен форум барысында.

Ол, әрбір ұлттық компаниялар, кәсіпорын, зауытта ғылыми-зерттеу институты болу керектігін, оған олар қаржы бөлуі тиістігін атап көрсетті.

"Бізде Шетелдік инвесторлар кеңесі болады. Онда алғашқы кезеңдері барлық мұнай, металлургиялық компаниялардың бұл іске өндірістің кемінде 1 пайызы көлемінде қаржы бөлуін міндеттеу керек", деп атап өтті ол.

"Біз бұл тұрғыда тәжірибесі бар елдерден көп нәрсені үйренуіміз қажет. Трансферт технологиясы болуы тиіс. Онсыз болмайды, одан кейін одан әрі дамитын боламыз. Мысалы, біз Назарбаев Университетінде осындай зертханы құратын боламыз", - деп атап көрсетті елбасы.

Ол сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған жүздеген инновациялық жобалар келесі 20 жылға арналған Қазақстанның бағдарламасына айналуы тиіс, деп мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны