12.12.2011, 15:20 4930

ҚР президенті жаңа телерадиокешенін аралап көрді

Президент киноконцерт залын, дыбыс жазатын студияны, виртуалды студияны, телевизиялық бағдарламалар мен жаңалықтар өндірістік кешенін, телевизиялық сериалдар өндірісінің аппараттық-студиялық кешенін аралап көрді. Байланыс және ақпарат министрі А. Жұмағалиев Мемлекет басшысына жаңа медиаорталықтың мүмкіндіктері мен келешегі туралы баяндады.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазмедиа орталығы" жаңа телерадиокешенін аралап көрді және елорданың Астана қаласына көшірілу күніне арналған "Ұлы көш" атты концертті тамашалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент киноконцерт залын, дыбыс жазатын студияны, виртуалды студияны, телевизиялық бағдарламалар мен жаңалықтар өндірістік кешенін, телевизиялық сериалдар өндірісінің аппараттық-студиялық кешенін аралап көрді. Байланыс және ақпарат министрі А. Жұмағалиев Мемлекет басшысына жаңа медиаорталықтың мүмкіндіктері мен келешегі туралы баяндады.

"Қазмедиа орталығы" - бұл телерадиоарналардың ақпараттық кеңістікте сапалы және бәсекеге қабілетті өндірісінде ағымдағы және келешектегі барлық талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік туғызатын, мемлекеттік хабарлар тарататын басты технологиялық алаң. Жаңа кешенге "Хабар", "Caspionet", "Қазақстан", "Балапан", "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясы", "Первый канал Евразия", "Мәдениет" телеарналары, "Қазақ радиосы", "Шалқар" және "Астана" радиолары орналасады. Сондай-ақ телеорталықта "Білім" және "Хабар-24" тақырыптық арналарының редакциялары жұмыс істейтін болады.

""Қазмедиа орталығы" - бұл Тәуелсіздік күні өзіміздің БАҚ-тарға сыйлығымыз. Мұнда еліміздің барлық негізгі телерадио арналары орналасады. Медиа орталық әлемдегі озық жабдықтармен жабдықталған. Оған жауап ретінде мен отандық ақпарат өнімдерінің сапасының артқанын күтемін", - деді Мемлекет басшысы.

Медиа орталықта бүкіл қаладағы кварталдарды, көшелер мен үйлерді телевизиялық декорациясын жасауға, телевизиялық бағдарламалар мен жаңалықтарды түсіру үшін студияны құрастыруға мүмкіндік беретін телевизиялық сериалдар өндірісі үшін аппараттық-студия орнатылған. Кешенде симфониялық оркестрде орындалатын шығармаларды жазып алуға арналған, киноконцерт кешенімен, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізу үшін синхронды аударма жүйесімен жабдықталған үлкен концерт залы орналасады.

Ал 22-қабатында қаланың панорамалық көрінісін пайдалана отырып, тікелей эфир жүргізетін және бағдарламаларды жазуды ұйымдастыруға қолайлы екі панорамалық студия (SkyStudio) орналаспақ. Бейінді студиялармен қатар, "Қазмедиа орталығында" сондай-ақ тәулік бойы радиохабарларын тарату және аудиоконтент кешені, спутниктік телепром орналастын болады.

"Қазмедиа орталығының" барлық технологиялық алаңы әлемдік жетекші өндірушілердің жаңа өнімдерімен жабдықталған. Кешеннің өндірістік базасын бірыңғай заманауи технологияға және айқындығы жоғары (HD) форматқа сай келтіру жоспарланған.

Президент сондай-ақ Бейбітшілік және келісім сарайында өткен, елорданың Астана қаласына көшірілу күніне арналған концертті тамашалады. Астана егеменді Қазақстанның басты символына, оның мақтанышы мен зор жетістігіне айналды. Концерттік бағдарламаға Қазақстан астаналарының жүріп өткен жолы баяндалады. Сонымен бірге, бағдарламаға патриотизмді, елордаға, Қазақстанға деген сүйіспеншілікті жырлайтын шығармалар енгізілген. Концертке қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны