09.04.2014, 20:04 3566

ҚР Президенті жанындағы комиссия жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін талқылады

Ақордада Мемлекеттік хатшы Иділбек Жақсыбековтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan today. Ақордада Мемлекеттік хатшы Иділбек Жақсыбековтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа қатысушылар сот актілерін орындау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды, сонымен қатар мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтинг жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

И.Жақсыбеков атап өткендей, статистикалық мәліметтер сот актілерін орындау деңгейі төмендігін көрсетіп отыр. 2013 жылы өндіріп алынуы тиіс болған 2,2 триллион теңгенің іс-жүзінде тек 108 миллиард теңгесі немесе 5 пайызы ғана алынған.

Бұған қоса, сот актілерін орындау саласы сыбайлас жемқорлыққа мейлінше бейім салалардың бірі болып қала беруде.

"Қалыптасқан ахуал орындаушылық өндіріс жүйесін түбегейлі реформалау, пісіп-жетілген мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттігін көрсетіп отыр", - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.

Отырыс барысында Иділет министрі Б.Имашевтың, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбековтің, Бас прокурор А.Дауылбаевтың, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А. Бәйменовтің есептері тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындауға байланысты бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны