03.04.2015, 21:57 3884

ҚР СІМ басшысы Бішкектегі ТМД СІМК отырысына қатысты -- ТМД шеӊберіндегі жоғары және жоғарғы деӊгейдегі кездесулердіӊ жылдық жоспары жарияланды

Қазақстан тарапыныӊ бастамасымен Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сыртқы саяси мекеме басшылары ЕҚЫК Қорытынды актісіне қол қойылуыныӊ 40-жылдығына орай біріккен мәлімдеме қабылдады. Мәлімдемеде олар Хельсинки актісініӊ негізгі қағидаларына бейілділігін және 2010 жылғы Астана декларациясында көрсетілген ЕҚЫҰ кеӊістігінде бірыӊғай және бөлінбейтін қауіпсіздік қауымдастығын құру мақсатына жетуге дайындығын растады.

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Ү. ж. 3 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтыӊ Бішкекке сапары орын алып, оныӊ төрағалығымен ТМД Сыртқы істер министрлер кеӊесініӊ кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Күн тәртібініӊ жобасы ТМД шеӊберінде ықпалдастық пен ынтымақтастықты тереӊдетуге қатысты 15-тен астам мәселелерден тұрды, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Қазақстан тарапыныӊ бастамасымен Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сыртқы саяси мекеме басшылары ЕҚЫК Қорытынды актісіне қол қойылуыныӊ 40-жылдығына орай біріккен мәлімдеме қабылдады. Мәлімдемеде олар Хельсинки актісініӊ негізгі қағидаларына бейілділігін және 2010 жылғы Астана декларациясында көрсетілген ЕҚЫҰ кеӊістігінде бірыӊғай және бөлінбейтін қауіпсіздік қауымдастығын құру мақсатына жетуге дайындығын растады.

Отырыс барысында ТМД шеӊберінде 2014 жылғы көп деӊгейлі сімаралық консультациялар жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат беріліп, 2015 жылға осы тектес құжат бекітілді. Сімаралық консультациялар халықаралық ұйымдар шеӊберінде әрекеттерді біркелкі үйлестіру және сыртқы саяси бастамаларды бірігіп ілгерілету мақсатында өткізіледі.

Сонымен бірге, отырыс барысында бірқатар құжаттардыӊ жобалары мақұлданды, соныӊ ішінде 2016-2020 жылдарға арналған сыртқы шекарадағы шекаралық қауіпсіздікті нығайту бойынша ынтымақтастық бағдарламасы, Төтенше жағдайларды алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт, ТМД мүше мемлекеттер территориясына кірген үшінші ел азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларын бірыӊғай есепке алу жүйесі туралы ақпараттық ықпалдасу регламенті және т. б.

"Біз ТМД дамуыныӊ елеулі әлеуетін атап өтеміз", - деді Е. Ыдырысов отырыс қорытындылары бойынша баспасөз-конференциясы барысында. "Қазақстанныӊ ТМД-да төрағалығыныӊ бас басымдылығы сабақтастықты қамтамасыз ету болып табылады. Біз сауда-экономикалық, гуманитарлық және т. б. салаларда ынтымақтастықты арттыруда бірлесіп зор кіш-жігер саламыз".

Қазақстан сыртқы істер министрі айтып кеткендей, биылғы жыл ТМД елдері үшін маӊызды жыл болмақ. Бұл, еӊ бастысы, Ұлы Отан Соғысындағы Жеӊісініӊ 70-жылдығымен байланысты. Е. Ыдырысовтыӊ ақпараты бойынша, ТМД мемлекет басшылары Мәскеудегі мерекелік шараларға, атап айтқанда, ү. ж. 8 мамырдағы ТМД бейресми кездесуі мен ү. ж. 9 мамырдағы салтанатты парадқа қатысуды жоспарлауда.

ҚР СІМ басшысы, сонымен қатар, Қазақстанныӊ ТМД-да төрағалығы шеӊберінде ү. ж. 29 мамырда Бурабайда ТМД үкімет басшылары кеӊесініӊ кезекті отырысы, ал 2015 жылы қазанда Астанада ТМД мемлекет басшыларыныӊ кездесуі өтеді деп хабарлады. Соӊғы аталған кездесудіӊ барысында биыл 24 қазанда аталып кететін БҰҰ 70-жылдығына орай арнайы декларация қабылданатын болады.

Бішкекке сапары барысында Е. Ыдырысов, сонымен қатар, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен келіссөздер жүргізді. Тараптар Қырғызстан Президенті Алмасбек Атамбаевтыӊ 2014 жылы 7 қарашада Астанаға мемлекеттік сапарыныӊ сәтті қорытындыларын атап өтіп, қазақстан-қырғызстан ынтымақтастығыныӊ негізгі тақырыбы екі ел басшыларыныӊ қол жеткізген келісімдерін орындау болып табылады деп мәлімдеді.

Президент А. Атамбаевтыӊ мемлекеттік сапары және Қазақстан мен Қырғызстанныӊ Жоғары мемлекетаралық кеӊесініӊ 4-отырысыныӊ қорытындылары бойынша бірқатар шешімдер, соныӊ ішінде "Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы", "Еуразиялық интеграция жағдайында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы", "Энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы" шешімдер қабылданды деп естеріӊізге салайық.

Бұл тұрғыда биыл Бішкекте өтетін Қазақстан-қырғызстандық үкіметаралық кеӊесініӊ (ҮАК) кезекті 6-шы отырысыныӊ маӊыздылығы атап өтілді.

Дүниежүзі экономиканыӊ кері үрдістеріне қарамастан, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екі жақты сауда айналымы соӊғы екі жыл бойы 1 млрд. АҚШ доллар көлемінен асқалы тұр.

Сұхбаттастар өӊірдегі су-энергетикалық саласын талқылап, жағдайдыӊ асқынып бара жатқанын атап өтті. Е. Ыдырысов бірлескен түбегейлі алдын алу шараларын қолдану қажеттілігініӊ уақыты жетті деп, соныӊ ішінде Халықаралық Аралды құтқару қорыныӊ рөлі мен маӊызын арттыру, Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылық комиссиясы және "Сырдария" мен "Амудария" бассейнді су шаруашылық бірлестіктері қызметтерініӊ құрылымын қайта қарау және өӊірде икемді әрі ашық деректер алмасу жүйесін құру шараларын ерекше атап өтті. Осы орайда қазақстандық министр Орталық-Азиялық су инвестициялық қорын құру қажеттілігін атап өтіп, халықаралық құқық ережелеріне негізделіп, су қатынастарын реттейтін жаӊа бес жақты келісімшарт жасап, қол қоюды ұсынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны