27.04.2015, 21:01 4008

ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі - Ресми өкілі А. Ибибуллаевтыӊ Непалдағы ҚР азаматтары бойынша түсініктемесі

Бүгінгі күні ҚР Үндістандағы Елшілігіне Непалдағы туысқандары мен жақындарына алаӊдаушылық білдірген азаматтарымыздан сауалнамалар келіп түсуде

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгінгі күні ҚР Үндістандағы Елшілігіне Непалдағы туысқандары мен жақындарына алаӊдаушылық білдірген азаматтарымыздан сауалнамалар келіп түсуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жел сілкіністері телекоммуникация байланыстарына зақым келтіріп, ҚР азаматтарымен байланыс орнату үрдісін қиындатады. Сол себепті, олар, мүмкіндігінше, Елшілікке өздері байланысқа шығып жүр. деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Қазіргі таӊда біз 11 қазақстандықтармен байланыс орнаттық:

1) Кузина Светлана,4 баласымен;

2) Колежников Иван;

3) Файзалиев Расул;

4) Абзальдыкова Жанна2 баласымен;

5) Безбородов Сергей.

соӊғы жер сілкіністері кезінде Непалда болуы мүмкін келесі азаматтармен байланыс орнату және мекенін анықтау жұмыстарында непалдық және ресейлік әріптестеріміз көмек көрсетуде:

1) Тропынина Ольга;

2) Махамбетов Айбек,

3) Каипов Айдар және жұбайы Касенко Марина;

4) Елена Шерпа.

Непалдағы азаматтарымыздыӊ саны өзгеруі мүмкін екенін түсінеміз. Олардыӊ өзге елдерге кетуі де ықтимал.

Қазақстан және Непал арасында диломатиялық қатынастар орнатылмаған болса да, непалдық тарап бізге барынша көмек көрсетуде.

ҚР азаматтары Непалда консулдық есепке тіркелмейді және ҚР азаматтарыныӊ елге келуі және тұруы туралы мәліметтер қазақстандық тарапқа берілмейді.

ҚР азаматтарыныӊ Непалдан ресейлік ТЖМ көмегімен эвакуациялануы қазіргі таӊда ресейлік тараппен талқыланып жатыр. Біздіӊ азаматтарға эвакуация штабы ұйымдастырылған Катманду қаласындағы РФ мәдени орталығына бару ұсынылды. Эвакуацияланған азаматтар Үндістанға келгенде, ҚР Елшілігі оларды Нью-Делиден Алматы бағытымен еліне жіберуге қолғабыс көрсетеді.

ҚР азаматтарымен байланыс орнату және оларға көмек көрсету мәселесі Сыртқы істер министрілігініӊ ерекше бақылауында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны