13.02.2015, 21:53 3990

ҚР СІМ-де Қазақстан мен Алжир арасындағы энергетика және сауда саласында өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды

12 ақпан күні ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтыӊ Алжир Энергетика министрі Юсеф Юсфимен келіссөздері өтіп, оныӊ барысында энергетика, сауда, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық, сонымен қатар халықаралық күнтәртібі мәселелері талқыға салынды

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - 12 ақпан күні ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтыӊ Алжир Энергетика министрі Юсеф Юсфимен келіссөздері өтіп, оныӊ барысында энергетика, сауда, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық, сонымен қатар халықаралық күнтәртібі мәселелері талқыға салынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алжирлік қонақты қазақ жерінде қошеметтей отырып, ҚР СІМ басшысы Қазақстан жалпы араб елдерімен, соныӊ ішінде Магриба мемлекеттерімен өзініӊ қарым-қатынасын нығайта түсуге ұмтылып отырғанын айтып өтті. "Қазақстан Алжирді өзініӊ Африка континентіндегі және жалпы Араб әлеміндегі сенімді әрі конструктивті әріптесі ретінде қарастырады. Саяси үнқатысуды жалғастыру мен әріптестік қарым-қатынасты қолдау мақсатында ағымдағы жылы меніӊ Магриб елдеріне сапарым жоспарланған. Меніӊ Алжирге сапарым екіжақты қарым-қатынастарға жаӊа серпіліс береді деп сенемін", - деді ол, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Кездесу аясында 2013 жылы Қазақстан Африка Одағына бақылаушы статусына ие болғаннан бастап еліміздіӊ Африка мемлекеттерімен жан-жақты қарым-қатынастардыӊ біртіндеп даму динамикасы байқалатыны аталып өтілді.

Е. Ыдырысов Алжирдіӊ "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге Астананыӊ кандидатурасын қолдағаны үшін Алжирге алғысын білдіріп, көрмені дайындау мен өткізуге белседі қатысуға шақырды. Сонымен қатар, ол Қазақстанныӊ БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесіне 2017-2018 ж.ж. тұрақты емес мүшелігіне ұсынымын Алжир қолдайды деп сенімін білдірді.

Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеӊейту қажеттілігіне назар аударды. Екіжақты қарым-қатынасты нығайту мақсатында, көпжақты институттар шеӊберіндегі үйлесімділікті күшейту және алдағы уақытта бір-бірініӊ бастамаларына қолдау көрсету үшін Қазақстан мен Алжир сыртқы саяси ведомстволары арасында өзара ақпарат алмастыру тәжірибесін қарастыру ұсынылды.

Қазақстан Алжир экономикасын қызықтыра алатын тауарлар мен өнімдерді, соныӊ ішінде металлургиялық, химиялық, мұнай өнеркәсібі, сондай-ақ ауылшаруашылығы салаларындағы және т.б. өнімдердіӊ кеӊауқымды таӊдауын ұсына алатыны жеткізілді. Е.Ыдырысов екі ел іскер топтары өкілдерініӊ кездесуі мемлекеттердіӊ сауда-экономикалық байланыстарына оӊ әсерін тигізетінін атап өтті.

"Екіжақты қарым-қатынастыӊ жағымды деӊгейі, сонымен қатар халықаралық күнтәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша ұстанымдар сәйкестігі Қазақстан мен Алжир арасындағы өзара ықпалдастықтыӊ тиімді жалғасуына кепіл болады", - деді ҚР СІМ басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны