01.10.2009, 11:33 1558

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі қамауға алынды - қаржы полициясы

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі қамауға алынды - қаржы полициясы

Астана. 1 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Абылай Сабдалин қаржы полициясы қызметкеріне аса ірі көлемде пара беруді ұйымдастырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Дәмежан Есенбековаға сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде қаржы полициясы қызметкеріне аса ірі көлемде - 45 мың доллар - пара беруді ұйымдастырды деген күдікпен ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Абылай Сабдалин қамауға алынды. Сабдалин параны тергеу алдындағы тексерулердің материалдары бойынша шара қолданбау үшін ұсынған", - деді Д. Есенбекова.

Оның айтуынша, "қазір тергеу амалдары жүргізілуде".

"Толық ақпарат вице-министрге ресми түрде айып тағылғаннан кейін беріледі", -деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны