04.10.2016, 10:19 4213

ҚР Үкімет басшысы елімізде визалық және миграциялық тәртіпті жақсарту жөнінде кеӊес өткізді

Кеӊес барысында визалық және миграциялық реттеуді жеӊілдету, визаларды беру мерзімін қысқарту, сонымен қатар электронды визаларды енгізу және шетелдік азаматтарды тіркеу мәселелері талқыланды.

Астана. 4 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен Қазақстандағы визалық және миграциялық тәртіпті одан әрі жақсарту мәселелері жөнінде кеӊес өтті, деп хабарлайды Үкіметтіӊ баспасөз қызметі.

Кеӊес барысында визалық және миграциялық реттеуді жеӊілдету, визаларды беру мерзімін қысқарту, сонымен қатар электронды визаларды енгізу және шетелдік азаматтарды тіркеу мәселелері талқыланды.

Аталған шаралар Қазақстандағы инвестициялық ахуалдыӊ жақсаруына және елімізге тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға ықпалын тигізетін болады.

Кеӊес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев өзініӊ Бірінші орынбасары А.Маминге миграциялық және визалық саясатты одан әрі жетілдіру бойынша нақты шешімдер шығару үшін қажетті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.

Анықтама үшін:

2015 жылы Қазақстанда 19 алдыӊғы қатарлы елдіӊ: Австралия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Финляндия, Франция, Жапония, АҚШ және басқа да елдердіӊ азаматтары үшін 15 күндік визасыз тәртіп енгізілген болатын. 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап Қазақстанда сонымен қатар ЭЫДҰ елдері, сондай-ақ БАИ, Малайзия, Сингапур мен Монако үшін визасыз тәртіп орнатылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны