12.12.2013, 19:19 42672

ҚР Үкiметі "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" қаулы жобасын қабылдады

Бүгiн ҚР Үкiмет отырысы барысында министрлер кабинеті "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын қабылдады.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan today. Бүгiн ҚР Үкiмет отырысы барысында министрлер кабинеті "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын қабылдады, 2013 жылдың 3 желтоқсанында қол қойылған алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет орындауға қабылданбақ.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі айтқандай, бюджеттік кодекс талаптарына сәйкес қалыптастырылған құжатта мақсатты ағымдағы трансферттер сомасы және облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалалары бюджеттеріне несиелер, қаржының белгілі бір бөлігін "Бизнестің жол картасы-2020", "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" және "Моноқалаларды дамыту 2012-2020" бағдарламалары бойынша бөлу жолдары қарастырылған.

Сонымен қатар, министр Өңірлік даму министрлігіне 2014 жылғы 20 қаңтарға дейін кондоминимум объектілерінің жалпы мүлігін жөндеуге және "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға көзделген шығыстарды бөлуді ұсыну қажеттiгiн атап өттi. Сондай-ақ, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының шеңберінде екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау қаржылық жылға арналған бюджет қаражатының лимитіне сәйкес қатаң іске асырылуы тиіс екенін тiлге тиек еттi.

"Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың соңына дейін Нысаналы даму трансферттері жөніндегі нәтижелер туралы келісім жасап, жергілікті атқарушы органдарға құрылыс және тұрғын үй құрылысы, ауыз сумен жабдықтау, білім, денсаулық сақтау мен мектепке дейін білім беру ұйымдарының объектілерін реконструкциялауға арналған конкурстық рәсімдердің заңнамада белгіленген жаңа тәртіппен хабарландырылуын қамтамасыз етіп, кейінге қалдыру шарттарымен бюджеттік басым инвестициялар бойынша қысқа мерзім ішінде толық құжаттар пакетін ұсынуды қамтамасыз етуі қажет", - деп толықтырды Е.Досаев.

Министр 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарлардың жобаларын және стратегиялық жоспар әзірлемейтін мемлекеттік органдар бойынша бюджеттік бағдарламалар заңнамада белгіленген мерзімде қамтамасыз етілуi тиiс екендiгiн атап өттi.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны