16.06.2010, 17:31 5247

ҚР Үкіметі отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізімін бекітті

"ҚР 2010 жылдың 21 шілдесінде қабылданған "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңының 44 бабының 5 тармағына сәйкес және отандық тауар өндірушілерден азық-түлік тауарларын мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында ҚР үкіметі қаулы етеді: ұсынылып отырған отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізімі бекітілсін", - деп айтылған қаулы мәтінінде.

Астана. 16-маусым. Kazakhstan Today Бүгін ресми баспасөз беттерінде ҚР Үкіметінің 2010 жылдың 17 мамырындағы "Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізімін бекіту туралы" № 423 қаулысы жарық көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"ҚР 2010 жылдың 21 шілдесінде қабылданған "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңының 44 бабының 5 тармағына сәйкес және отандық тауар өндірушілерден азық-түлік тауарларын мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында ҚР үкіметі қаулы етеді: ұсынылып отырған отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізімі бекітілсін", - деп айтылған қаулы мәтінінде.

Қаулыға сәйкес отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізіміне: ұн (барлық түрлері), нан, нан өнімдері, макарон өнімдері, жармалар, кондитерлік өнімдер, сүт, қаймақ, сары май және өсімдік майлары, сүт өнімдері, ет, ет өнімдері, шұжық өнімдері, тауық жұмыртқасы, тұз, соның ішінде иодталған ас тұзы, алкогольсіз сусындар, шырындар, арнайы ыдыстарға құйылған ауыз суы кіреді.

Аталмыш қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны