06.05.2008, 15:15 2631

ҚР үкіметі шағын және орта бизнеске қойылатын әкімшілік талаптарды жеңілдететін бірқатар қаулыны қабылдады (толықтырылған нұсқа)

ҚР үкіметі шағын және орта бизнеске қойылатын әкімшілік талаптарды жеңілдететін бірқатар қаулыны қабылдады (толықтырылған нұсқа)

Астана. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР үкіметі бүгін өткен жиналыста шағын және орта бизнеске қойылатын әкімшілік талаптарды жеңілдететін бірқатар қаулыны қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Министрлер кабинетінің мүшелері 2007 жылдың 27 қарашасында қабылданған қаулыға өзгертулер енгізу жөнінде шешім қабылдады. Мұндай өзгертулер өндірістік мақсаттарда тез әсер беретін уларды импорттайтын кәсіпорындарға "Лицензия туралы" заңына өзгертулер енгізбей-ақ, уларды сақтауға, сатып алуға және сатуға рұқсат беретін лицензия беріледі. Заңда көрсетілгеніндей, уларды пайдалану үшін, оны өңдеуге және шығаруға да лицензия алу қажет", - деп түсіндірді ҚР Индустрия және сауда министр Владимир Школьник.

Сонымен қатар үкімет құрылыс нысандарын салуға рұқсат беретін құжаттарды, тиісті мәліметтер мен оны тіркеу ережесін жеңілдететін бірнеше шараларды енгізу жөнінде қаулы қабылдады. "Бұл жоба шағын және орта кәсіпкерлік иелерінің жоспарлау процедурасын тездетіп, құрылыстарды жүргізуге рұқсат беретін құжаттарды алуды жеңілдетеді. Олар үшін нақты мерзім белгіленді",- деп анықтады ИСМ басшысы. Министр айтқанындай, бұл міндеттерді орындау үшін бұған дейін 187 күн жұмсалса, қаулы қабылданғаннан кейін оған 59 күн кететін болады.

"Құрылыс саласы бойынша кеше ҚР Индустрия және сауда министрлігінде құрылыс құрастыру жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізімін қысқарту жөніндегі бұйрыққа қол қойылып, ол әділет министрлігінде тіркелді. Бұл құрылыс саласында рұқсат алу процедурасының санын айтарлықтай азайтты", деп жалғастырды ол. Оның сөздеріне қарағанда бұйрық күшіне енді.

Отырыста сондай-ақ, үкіметтің 2007 жылдың 30 маусымында қабылдаған қаулысына өзгертулер енгізілді. " Онда сәулет және құрылыс қызмет саласында материалдық техникалық базаны ұзақ мерзімге жалға алу талабы мен лицензиялау тәртібін алып тастау қарастырылған ", -деп атап өтті В. Школьник. " Енді халыққа қызмет көрсету орталығында ұзақ мерзімді жалға қатысты келісім-шарттарды тіркеудің қажеті жоқ. Сол арқылы құжаттарды жинауға және лицензияны алуға жұмсалатын уақыт екі есе үнемделеді, яғни лицензияны алу уақыты 30 күнге дейін қысқартылды", - деп толықтырды ол.

Министрлер кабинетінде сондай-ақ, үкіметтің 2008 жылдың 31 қаңтарында қабылдаған қаулысына өзгерту енгізу жөнінде шешім қабылданды. "Қарастырылған жобада басқа аймақтарда бөлімшелері бар кәсіпкерлік иелері лицензиялар мен қажетті құжаттарды заңды тұлғаның негізгі тіркелген орнында бір жерде алуына болады. Сол арқылы құжаттарды тіркеу үшін оның көп уақыты кетпейді", - деп түсіндірді ҚР индустрия және сауда министрі.

Сонымен бірге үкімет шағын және орта бизнес тарапынан қызмет көрсету секторының дамуын жандандыратын қаулыны қабылдады. " Кәсіпкерлер халықаралық тәжірибеге сәйкес техникалық реттеу саласындағы барлық қызмет түрлерін міндетті түрде сертификаттауды тоқтатуды бұрыннан бері күтуде ", - деп еске салды В. Школьник. Оның мәліметтері бойынша 2007 жылы мемлекет тарапынан қызмет көрсету үшін 6 мыңнан аса сертификат берілді.

"Міндетті сертификатты алып тастау шешімі шағын және орта бизнеске жүктелген ауыртпалықты жеңілдетіп жыл сайын жүргізілетін тексерулерді 6 мыңға қысқартады. Бұл тек өткен жылғы мәліметтер , ал оның алдындағы жылдары берілген сертификаттарды есептесек, шексіз тексерулер саны шығады. Сондықтан бұл қаулы қызмет көрсету секторының дамуын жандандырады", -деп есептейді ИСМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны