10.07.2006, 15:35 3989

ҚР ҰҚК бөлімшелерінде жаңа тағайындаулар болды

АСТАНА. 10-шілде. Kazakhstan Todaу. ҚР ҰҚК бөлімшелерінде жаңа тағайындаулар болды. Осы жөніндегі бұйрыққа ҰҚК төрағасы – генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, ҰҚК-нің 5-департаментінің бастығы болып Жақсылық Молдақұлов, ҰҚК әскери қарсы барлау департаментінің төрағасы болып полковник Саят Мыңбаев тағайындалды.

Сонымен бірге ҰҚК-нің облыстық департаменттерінің бастықтары тағайындалды. Мәселен, ҰҚК-нің Ақмола облыстық департаментін генерал-майор Қабдылкәрім Ибдіказимов, Ақтөбе облыстық департаментін полковник Тұрысбек Илиаскаров, Алматы қалалық департаментін полковник Нұржан Мырзалиев, Алматы облыстық департаментін генерал-майор Иділ Шаяхметов, Шығыс Қазақстан облыстық департаментін генерал-майор Жанат Жарасов, Жамбыл облыстық департаментін генерал-майор Қосбасар Нұрбеков, Қостанай облыстық департаментін полковник Нағашыбай Атшабаров, Маңғыстау облыстық департаментін генерал-майор Болат Шайманов, Павлодар облыстық департаментін полковник Қамза Ыбыраев басқаратын болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны