14.12.2009, 15:43 2956

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ресейдің "Амур" кемесінің бір экипаж мүшесіне медициналық көмек көрсетті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ресейдің "Амур" кемесінің бір экипаж мүшесіне медициналық көмек көрсетті

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Каспий теңізінде 13 желтоқсанда Ресейдің "Амур" кемесі Иранға кетіп бара жатып, Қазақстанның аумақтық суларына жақын жерде радиобайланыс құралдары арқылы бір экипаж мүшесіне жедел медициналық көмек көрсетуді сұрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР ҰҚК Шекара қызметі жағалау күзеті өңірлік басқармасының қолбасшылығы бұл хабарды ала сала, Халықаралық теңіз конвенциясына және қалыптасқан теңіздегі тәжірибеге сәйкес, ресейлік кемеге ұтқыр шекаралық катерді жіберген. Кемедегі аға офицер - 3-ші ранг иемденген капитан Азат Боранбаев басқарған шекаралық катер экипажы дауыл жағдайында адамды құтқару бағытында жоғары кәсіби біліктілік көрсете білді. Ауырған теңізші катердің бортына қабылданып, бір сағаттан кейін шекарашылар оны Баутино айлағына жеткізді, ол жерде оны жедел жәрдем тобы тосып тұрған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір ресейлік теңізшінің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны