15.05.2008, 19:03 3210

ҚР ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топты жойды

ҚР ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топты жойды

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі операцияның нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысына және ары қарай еліміздің өңірлері мен шет елдерге ауған есірткілерінің контрабандалық жеткізілімдеріне қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топты жойды, деп хабарлайды агенттік ҚР ҰҚК-гің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, одан басқа, осы топтың мүшелері бірқатар қарақшылық шабуыл, ұрлық және бопсалаушылық жасаған.

"Операцияны іске асыру Тараз қаласында 14 килограмм героинды тәркілеуден басталды, бұл есірткілер ҰҚТ мүшелерінің бірінің автомашинасынан табылған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Одан арғы іс-шараларды жүргізу кезінде Шымкент, Астана және Алматы қалаларында топтың екі белсенді мүшесі мен "Т" деген көшбасшысы ұсталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде кір жуғыш машинаға жасырылған тағы 10 килограмм героин Қостанай станциясында багаж бөлімінен табылды. Есірткілердің бұл партиясы Ресей Федерациясына тасымалдауға дайындалған, ол жерде ұсталғандардың криминалдық байланыстары бар болып шықты.

Осылайша, барлығы операция барысында заңсыз айналымнан 24 килограмм героин тәркіленді, ҰҚТ көшбасшысы мен белсенді мүшелері ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының ҰҚК шекаралас елдердің арнайы қызметтерімен бірлесіп есірткі трафигіне қатысы бар трансұлттық және өңірлік ұйымдасқан топтардың іс-әрекеттерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қармысов көшесінің тұрғындары жалпы қолданыстағы жолдарды соттарда қорғамақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны