09.04.2014, 19:44 21229

ҚР Жоғарғы Соты Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасын жұртшылықтың талқылауына ұсынды

Жаңа редакциядағы Азаматтық іс жүргізу кодексі жұртшылықтың кеңінен талқылауына шығарылды. Заң жобасы Жоғарғы Соттың интернет-ресурсына орналастырылды.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan today. Жаңа редакциядағы Азаматтық іс жүргізу кодексі жұртшылықтың кеңінен талқылауына шығарылды. Заң жобасы Жоғарғы Соттың интернет-ресурсына орналастырылды.

Барлық ескертулер мен ұсыныстар заң жобасын одан әрі жетілдіру кезінде ескерілетін болады, деп Жоғарғы Сотта хабарлады.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасы соттардың азаматтық істерді қарау кезіндегі тиімділігін, шапшаңдығы мен мінсіздігін арттыруға бағытталған, бұл өз кезегінде, сот төрелігін жүзеге асыру сапасына, сот билігінің түбегейлі тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға септігін тигізіп, Қазақстанның әлемдегі неғұрлым дамыған 30 елдің қатарына кіруіне ықпал ететін болады.

Жобада азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу және азаматтық сот ісін жүргізудегі судьяның рөлі қайта бағамдалған. Атап айтқанда, азаматтық істерді қарау тараптардың жарыспалы сөз сөйлеуі негізінде жүргізіліп, судьяның сот талқылауына негіз болған мәселені бақылаудағы құзыреті аздаған деңгейде ғана сақталатын болады.

Кодекстің жаңа редакциясында сот ісіне қатысушылар мен судьялардың процессуалдық құқықтары мен міндеттерінің объективті теңгерімі көзделген.

Дауларды реттеудің соттан тыс механизмдерін дамыту үшін жекелеген санаттар бойынша "Дауларды соттан тыс реттеу" деген жаңа тарау енгізіледі.

Кәсіби өкілдік ету институтының мәселесі өзектілене түсті. Жобаға сәйкес тараптардың мүддесі үшін басқа адамдардың сотқа қатысу мүмкіндігі сақталады, бұл ретте критерий ретінде олардың жоғары заңгерлік білімінің міндетті түрде болуы белгіленеді. Жоғарғы Сотқа сот актілерін қайта қарауға өтініш беретін тараптардың мүддесін білдіру тиісті аккредиттеуден өткен адвокаттарға бекітіледі.

Кассациялық сатыдағы соттың істерді апелляциялық сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберу негіздері азайтылды. Мұндай ереже барлық сот сатыларында мемлекеттік баждың енгізілуімен үйлеседі.

Татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану және азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін іске

Бұған қоса, жобада азаматтық істерді қарау тәртібін жеңілдетуге, соның ішінде соттар қызметінде техникалық құралдарды кеңінен қолдану арқылы оңайлатуға бағытталған ережелер бар.

Көзделіп отырған барлық шаралар халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарының мүддесін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, қабылданатын болады.

Жаңа редакциядағы Азаматтық іс жүргізу кодексі жұртшылықтың кеңінен талқылауына шығарылды. Заң жобасы Жоғарғы Соттың интернет-ресурсына (www.sud.kz) орналастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны