Система Orphus

ҚР-да 2014 жылдың соңына дейін жылу есебі құрылғысымен үйлердің 100%-ы қамтылады - А.Дүйсебаев

07.02.2014, 18:56 1985

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда жыл соңына дейін жылу есебі құрылғысымен үйлердің 100%-ы қамтылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының баламалы механизм енгізу есебінен және бюджет есебінен жылу есебінің жалпыүйлік құрылғысын орнату шараларын қаржыландыру есебінен жыл соңына дейін жылу есебі құрылғысымен үйлердің 100%-ы қамту жоспарланған", - дейді Асылбек Дүйсебаев.

Агенттіктің мәліметінше, кең көлемді жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін және су құбыры желілерін жөндеу үшін Қазақстанда 2013-2015 жылдарға арналған судың тарифын белгілеудің жаңа механизмін енгізу бойынша кешенді жоспар іске асырылуда.

"Аталмыш шараның мақсаты инвестицияны қаржыландырудың көздері автоматтандыру мен табысты көбейту. Сонымен бірге су құбыры арқылы негізгі қаражатты қайта бағалау міндетті шарт болып табылады. Ол үшін толық көлемде су құбырының негізгі қаражатын қайта бағалау нәтижесінің бір мезгілде тарифке қосылуы және 30 пайызға дейінгі активтердің табысын көбейту болып табылады", - деді А.Дүйсебаев.

Аталмыш жұмыс, агенттік төрағасының орынбасарының айтуынша, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау мен Жамбыл облыстарында қолға алынған.

Жалпы, кешенді жоспар жұмысының нәтижесі 2020 жылға дейінгі тозу көлемінің 15 пайызға, энерготұтынудың 30 пайызға дейін және шығын көлемін азайту, экономикалық шығынның төмендеуі болуы керек.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны