19.04.2013, 14:42 3324

ҚР-да ағымдағы жылы шамамен 1,7 мың үй жөндеуден өтеді

Ағымдағы жылы ТКШ жетілдіру бағдарламасы бойынша шамамен 1700 үйде жөндеу жүргізу жоспарланған, деп хабарлады бүгін "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жетілдіру және дамыту орталығы" АҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков "Жасыл" экономикаға үлес ретінде коммуналдық жылумен жабдықтаудың энергия тиімділігін арттыру" халықаралық конференциясында.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - ҚР-да ағымдағы жылы шамамен 1,7 мың үй жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылы ТКШ жетілдіру бағдарламасы бойынша шамамен 1700 үйде жөндеу жүргізу жоспарланған, деп хабарлады бүгін "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жетілдіру және дамыту орталығы" АҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков "Жасыл" экономикаға үлес ретінде коммуналдық жылумен жабдықтаудың энергия тиімділігін арттыру" халықаралық конференциясында.

"Осы екі жылдың ішінде 1 225 көп қабатты үй жөндеуден өтті, ал 93 - жөндеу жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы 1 700 жуық үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен қайтарылатын негізде іске асырылады", - деді Т.Рахымбеков.

Сонымен қатар, ол Бағдарламаның индикаторларына сәйкес 2015 жылға қарай күрделі жөндеуді талап ететін үйлердің үлесі 32%-дан 22%-ға дейін төмендеуі тиіс, ал 2020 жылға қарай - 10%-ға дейін. Бұл көрсеткіш Еуропаның дамыған елдерінің деңгейімен сәйкес келеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен 160 мың көп пәтерлі тұрғын үй бар.

Өз алдына, тұрғын үй қорымен қатар еліміздің шамамен 12 мың км жылу жүйесі ауыстыруды және жөндеуді қажет етеді, бұл шығарылған жылу энергиясының жалпы санынан шамамен 18% жоғалтуға әкеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны