18.02.2014, 19:31 3491

ҚР-да Авиациялық оқиғалар кезінде іздестіру мен құтқаруды нйлестіруші кеңес ұйымдастырады

ККМ хабарлағандай, үйлестіруші кеңес авиациялық оқиғалар кезінде апаттан құтқару қызметтерімен байланысуды ұйымдастыратын, іздестіру ауданын анықтайтын, ведомстволардың, әуе кемесі эксплуатанттарының қызметін реттейтін, зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыратын сабағаттық кеңес беруші орган.

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда Азаматтық авиация комитетінің басшылығымен Үйлестіруші кеңестің құрылуын көздеп отырған Ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалардың жаңа редакциясы бекітілді. Ол авиациялық оқиғалар кезінде іздестіру-құтқару операцияларында іске қосылатын қызметтерге жалпы басшылық жасауға үндеу болады.

ККМ хабарлағандай, үйлестіруші кеңес авиациялық оқиғалар кезінде апаттан құтқару қызметтерімен байланысуды ұйымдастыратын, іздестіру ауданын анықтайтын, ведомстволардың, әуе кемесі эксплуатанттарының қызметін реттейтін, зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыратын сабағаттық кеңес беруші орган.

ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметовтың сөзіне қарағанда, Үйлестіруші кеңес авиациялық оқиғаларға шұғыл әрекет жасау үшін Азаматтық авиация халықаралық ұйымының (ИКАО) талаптарына сай азаматтық авиация саласындағы өкілетті органның басшылығымен ұйымдастырылады. Оның құрамына ККМ басшылығынан басқа ТЖМ, ҰҚК және Қорғаныс министрлігінің өкілдері кірді.

Сонымен бірге, іздестірудің бірінші жоспарын әзірлейтін, іздестіру-құтқару күштерінің кезекшілігін бақылайтын және олардың қызметін реттейтін оперативті орган болып Үйлестіруші кеңес табылады. Ол "Казаэронавигация" РМК әуе қозғалысына қызмет көрсететін басты орталықтың базасында негізделген және іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізу мүмкіндігін бағалайды және тәулік бойы жұмыс жасайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны