06.02.2014, 22:10 2995

ҚР-да мүгедектік жәрдемақысын 494,4 мың азамат алады - ЕХИҚМ

Елбасы 2014 жылдың 17 қаңтарындағы "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты халыққа Жолдауында ҚР Үкіметіне 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша берілетін жәрдемақы көлемін 25%-ға өсіруді тапсырды.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 494,4 мың азамат алады.

"2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 494,4 мың азамат алады. Жәрдемақының орташа көлемі 1999-2013 жылдар аралығында 6,1 есе өсті (3106 теңгеден 19030 теңгеге дейін)", - деп Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлады.

Сонымен, 1999 жылы мүгедектік бойынша төленген жәрдемақы көлемі 13,1 млрд. теңгені құраса, 2013 жылы ол 109,7 млрд. теңгеге жетіп, 8,4 есе көбейгені белгілі болды.

Сондай-ақ, 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 184,7 мың азамат алады. Жалпы, 1999-2013 жылдар аралығында аталмыш жәрдемақының көлемі 4,1 есе немесе 4250 теңгеден 17427 теңгеге дейін артты.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы 2014 жылдың 17 қаңтарындағы "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты халыққа Жолдауында ҚР Үкіметіне 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша берілетін жәрдемақы көлемін 25%-ға өсіруді тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны