19.02.2009, 17:50 3346

Құқық қорғау органдары 2007 жылмен салыстырғанда өткен жылы қос азаматтық фактілерінің саны 44 пайызға көбейгенін анықтады

Құқық қорғау органдары 2007 жылмен салыстырғанда өткен жылы қос азаматтық фактілерінің саны 44 пайызға көбейгенін анықтады

Астана. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Құқық қорғау органдары 2007 жылмен салыстырғанда өткен жылы қос азаматтық фактілерінің саны 44 пайызға көбейгенін анықтады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ресми өкілдің айтуынша, мұндай фактілер көбінесе Ресей Федерациясының шекарасына шектес аймақтарда кездеседі.

Мысалы, 2007 жылы Павлодар облысында - 28, Батыс Қазақстан облысында - 10, Солтүстік Қазақстан облысында - 9 адам Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылған.

Ал, өткен жылдың 10 айында Солтүстік Қазақстан облысында - 57, Батыс Қазақстан облысында - 24, Павлодар облысында - 23 адам еліміз азаматтығынан кеткен.

Бұл тексеру барысында да қос азаматтықтары бар адамдар анықталды.

Мысалы, Орталық аймақтық көлік прокуратурасы қазақстандық азаматтығын жоғалтпай Ресей Федерациясының азаматтығын алған "Ресей темір жолдары" акционерлік қоғамның Петропавл бөлімінің 23 жұмысшысын анықтады.

Тексеру Ішкі істер органдары, сонымен қатар ҚР ІІМ Икімшілік полициясы Комитетінің Азаматтық алу және иммиграция басқармасы заңдылықтың талаптарын бұзып, аталған заң бұзушылықтардың көбеюіне жол бергенін көрсетті.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" заңының 17-бабының 7-тармақшасында адам басқа мемлекеттің азаматы болса, оның Қазақстан Республикасының азаматтығын алу өтініші қабылданбайтыны айтылған.

Соған қарамастан, Азаматтық алу және иммиграция басқармасы Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының елшілігі хатының негізінде барлық аумақтық ішкі істер органдарының атына Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініш берген ҚХР азаматтарын рәсімдеу кезінде қытай органдарының келісімі қажет емес деген нұсқау жіберген.

Сөйтіп, Ішкі істер органдарының өзі осы заңсыз нұсқауымен ҚХР азаматтарына Қазақстан Республикасының азаматтығын заңсыз алуға қолайлы жағдай жасап отыр.

Мысалы, өткен жылдың 12 қараша күні Азаматтық алу және иммиграция басқармасы Алматы қаласының Ішкі істер департаментінен түскен ҚХР азаматтығы жойылғаны туралы анықтамасы болмаған, сонымен қатар оған бұл мемлекеттің қолданыстағы ұлттық төл құжатының көшірмесі қосылған ҚХР азаматына Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы оң қорытынды берген.

Қос азаматтықтың алдын алуға бағытталған нормалармен қатар еліміздің конституциялық құрылымына және азаматтарына қауіп-қатер келтіретін теріс пиғылды адамдардың еліміздің азаматтығын алып кетпеуі үшін республика заңдары өтініш берген адамның соттылығы жөнінде тексеру және ұлттық қауіпсіздік органының келісімнің болуын талап етеді.

Алайда, Астана қаласының прокуратурасы елордамыздың Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясының басқармасы аталған тексерулерді жүргізбей-ақ 20 адамға азаматтық алу туралы қолдаухат бойынша оң шешім қабылдап жібергенін анықтады.

Аталған заң бұзушылықтарды Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы да облыстық ІІД-нің қызметінде де анықтады, деді С.Нұрпейісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны