23.12.2011, 10:04 2677

Құлыбаев "Самұрық-Қазына" ҰИҚ басшысы қызметінен босатылады

"Мен "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Тимур Құлыбаевты отставкаға жіберу туралы шешім қабылдаймын. Менің еңбек дауын дер кезінде шешу жөніндегі тапсырмам орындалған жоқ. Оның үстіне, жұмыс берушілер компания қызметкерлерін заңсыз жұмыстан босату туралы шешім қабылдаған, соның ішінде еңбекке жарамсыздығы бойынша немесе демалыста және басқа да дәлелді себеппен жұмыста болмағандар да босатылған", - деп түсіндірді Н.Назарбаев.

Ақтау. 23-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Тимур Құлыбаевты отставкаға жібереді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Маңғыстау облысы активімен және мәслихат депутаттарымен кездесуде Мемлекет басшысы мәлім етті, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

"Мен "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Тимур Құлыбаевты отставкаға жіберу туралы шешім қабылдаймын. Менің еңбек дауын дер кезінде шешу жөніндегі тапсырмам орындалған жоқ. Оның үстіне, жұмыс берушілер компания қызметкерлерін заңсыз жұмыстан босату туралы шешім қабылдаған, соның ішінде еңбекке жарамсыздығы бойынша немесе демалыста және басқа да дәлелді себеппен жұмыста болмағандар да босатылған", - деп түсіндірді Н.Назарбаев.

Елбасының айтуынша, мұның бәрі шиеленісті күшейтуге әсерін тигізген. Тұтастай алғанда компания қызметкерлерінің талабы негізді, деп санайды Мемлекет басшысы.

"Егер жұмысшылар еңбек тәртібін бұзған күннің өзінде жұмыс берушілер олар өзіміздің азаматтарымыз екенін естен шығармауы қажет, олар Айдан келіп түскен жоқ. Оларды мұқият тыңдап, барынша қолдауға тырысу қажет еді. Өкінішке қарай бұлай болмаған", - деп атап көрсетті Президенті.

"Жұмыстан босатылған 1800 қызметкердің проблемасын шешу және қысқа мерзімнің ішінде оларды жұмысқа орналастыру жөнінде қажетті шараларды қабылдау қажет. Бұл жағдайда олар бұрынғы жұмыс орнымен салыстырғанда еңбекақыдан ұтылмауы тиіс. Бұдан басқа "Өзенмұнайгаз" компаниясын "Қазмұнайгаз" компаниясынан бөліп, оны толыққанды заңды тұлға жасау қажет. Тұрақтылық қазақстандық табыстың басты шарты екенін ешқашан естен шығаруға болмайды. Бұл республиканың игілігі, оны барлық қазақстандықтар сақтай білуі тиіс", - деп сөзін түйіндеді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны