27.09.2018, 17:29 3786

Құтқару бөлімшелерініӊ "Қазқұтқару-2018"23-ші жиын-семинарыныӊ қорытындысы шығарылды

Жиын-семинарында құтқару бөлімшелерініӊ 19 командасы, оныӊ ішінде ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ 14 жедел-құтқару жасағы қатысты.

Алматы. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 21 қыркүйекте Алматы облысы Тамғалы тас шатқалында "Жартасты қала - Астана" оқу-жаттығу полигонында өткен 23-ші "Қазқұтқару-2018" жиын-семинары аяқталды.

"Қазқұтқару-2018" жиын-семинарыныӊ негізгі мақсаты құтқару бөлімшелерініӊ авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту және жетілдіру,авариялық-құтқару құрал-саймандары мен техниканы пайдаланудыӊ озық әдістерін меӊгеру, авариялық-құтқару қызметтері құрамаларыныӊ іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізудегі өзара іс-қимылдарын пысықтау және тәжірибе алмасу, құтқарушылардыӊ кәсіби даярлығын жетілдіру болып табылады.

23-ші "Қазқұтқару-2018" республикалық жиын-семинарыныӊ салтанатты жабылуына ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасыныӊ орынбасары М.М. Күлдіков қатысты.

10 күн бойы жедел-құтқару жасақтарыныӊ құтқарушылар командалары құтқару көпсайысы бойынша күрделі жарыстар кезеӊінен өтті. Жиын-семинарында құтқару бөлімшелерініӊ 19 командасы, оныӊ ішінде ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ 14 жедел-құтқару жасағы (Республикалық жедел-құтқару жасағы, Өӊірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасақтары), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланныӊ әскери бөлімшелерінен 2 команда, Алматы қаласы әкімдігініӊ Құтқару қызметінен 1 команда және Өзбекістан Республикасы (1 команда) мен Қырғызстан Республикасы (2 команда) Төтенше жағдайлар министрліктерінен келген 3 халықаралық команда қатысты.

"Қазқұтқару-2018" шеӊберінде құтқару технологиялары бойынша қатысушы командалар арасында семинар өтті және авариялық-құтқару жабдығы мен қару-жарақтарыныӊ жаӊа үлгілерініӊ көрмесі ұйымдастырылды.

"Орташа қиылысқан жергілікті жер бойынша кросс" жарысыныӊ қорытындысы бойынша орындар төмендегідей болды: 1-орын -Қырғызстан Республикасы ТЖМ командасы, 2-орын - Ақтөбе облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы, 3-орын - Республикалық жедел-құтқару жасағы.

Сонымен бірге, командалар "Белағашта күштесу жаттығулары кешені" жарысынан өтті, онда 1-орынды Қырғызстан Республикасы ТЖМ командасы, 2-орын - Республикалық жедел-құтқару жасағы, 3-орын - Өзбекістан Республикасы ТЖМ командасы.

"Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары" дистанциясында 1-орынды Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы иеленді, 2-орын - Республикалық жедел-құтқару жасағы, 3-орын - Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы.

"Акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары" дистанциясында Республикалық жедел-құтқару жасағыүздік шықты, екінші орында - Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы, үшінші орында - Алматы қаласы әкімдігініӊ Құтқару қызметі.

"Табиғи апаттар ортасында іздестіру-құтқару жұмыстары" дистанциясыныӊ жеӊімпаздары Республикалық жедел-құтқару жасағыныӊ, Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағыныӊ және Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағыныӊ командалары болды, олар сәйкесінше 1, 2, 3-орынды алды.

Барлық дистанциялардан өту нәтижелері бойынша 23-ші "Қазқұтқару-2018" жиын-семинарыныӊ жеӊімпазы болып Республикалық жедел-құтқару жасағы атанды. Екінші орынды Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағыныӊ құтқарушылары алды. Үшінші орынды Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағыиеленді.

Жеӊімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны