14.04.2015, 17:38 3955

Литва "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуын растады

ЭКСПО-2017" комиссары - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрініӊ бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Литва Республикасына сапармен барды

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - "ЭКСПО-2017" комиссары - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрініӊ бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Литва Республикасына сапармен барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сапардыӊ басты мақсаты "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне Литва Республикасын қатысуға шақыру және екі ел арасындағы ықпалдастықтыӊ қазіргі ахуалы мен болашағын талқылау болды, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Вильнюс қаласына сапары барысында Үкімет канцлері Альминас Мачюлиспен, Литваныӊ ЭКСПО көрмелеріне қатысуы үшін жауапты Қоршаған ортаны қорғау министрі Кестутис Тречиокаспен, сонымен қатар, Көлік және коммуникациялар министрі Римантас Синкявичюспен және Энергетика министрі Рокас Масюлиспен кездесулер өтті.

Литва Үкіметініӊ Канцлерімен келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтыӊ кеӊ ауқымды мәселелерін және Литва премьер-министрі Альгирдас Буткявичюстыӊ ү.ж. мамырда Қазақстанға сапарын ұйымдастыру сұрақтарын талқылады.

Р. Жошыбаев Елбасы Н.И. Назарбаевтыӊ Литва Республикасыныӊ Президенті Д. Грибаускайтеге "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуға ресми шақыруын табыс етті. Өз кезегінде, Мачюлис Литваныӊ Астанадағы Халықаралық көрмеге қатысу ниетін растады.

Энергетика министрлігіндегі кездесуде энергетикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері және Литваныӊ жаӊармалы және баламалы энергия көздері салаларындағы жобалар талқыланды.

Р. Жошыбаев "ЭКСПО-2017" баламалы энергетиканыӊ өндірісі мен қолданысына зор екпін беріп, әлемніӊ жетік технологияларын ұсынуға, энергетикалық тиімді бағдарламаларды ілгерілетуге зор мүмкіндік береді деп атап өтті. Астанадағы көрменіӊ тақырыбын есепке ала отырып, энергетика министрі К. Тречиокас жаӊармалы энергетика саласындағы Литва әлеуетіне тоқталып кетті: елде пайдаланып жатқан энергияныӊ 22% жаӊармалы энергияға тиесілі.

Литва Қоршаған ортаны қорғау министрі және ЭКСПО көрмелері жөніндегі бас комиссарымен сұхбат барысында тараптар Литва үкіметініӊ және жергілікті компаниялардыӊ "жасыл" технологияларға қатысу шарттарын талқылады. Сонымен қатар, "ЭКСПО-2017" шарасына қатысу үшін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясын және Қазақстан-литвалық іскер кеӊесін барынша жұмылдыру ұсынылды.

15 сәуірде қазақстандық делегация Латвияға сапармен барады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны