29.06.2020, 21:54 7128

Мәскеудегі әскери парадтың қатысушылары Қазақстанға оралды

Қазақстандық әскери қызметшілермен қатар Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Қарулы Күштерінің парадтық есеп топтары қатысты.

Алматы. 29 маусым. Kazakhstan Today - Мәскеудегі әскери парадтың қатысушылары Қазақстанға оралды.

Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Нұр-Сұлтан қаласына келді.Шеруге Қазақстанның атынан 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасының командирі подполковник Ұлан Нұрғазиев бастаған Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілерінің парадтық есебі қатысты. Туды алып жүру тобының құрамында аға лейтенант Бауыржан Абсалямов, лейтенант Талғат Тобағабыл және 3-сыныпты сержант Бауыржан Елшібаев болды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу әскери қызметшілер үшін ерекше маңызды. Бұл-өз өмірін құрбан етіп, бейбітшілік үшін күрескендерге алғыс білдіру, құрмет көрсету мүмкіндігі.Парадқа қатысушылар бір айдан астам уақыт бойы дайындықпен айналысқан. Дайындық кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақталды, олар басқа жеке құрамнан оқшауланып, сонымен қатар туыстарының келуіне шектеу қойылды.

Мәскеудегі әскери парадқа 13 мыңнан астам әскери қызметкер қатысқанын, 216 заманауи және тарихи әскери техниканың, 75 ұшу аппараттары тартылғанын атап өткен жөн. Қазақстандық әскери қызметшілермен қатар Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Қарулы Күштерінің парадтық есеп топтары қатысты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны