03.02.2021, 20:46 16258

Мәжіліс ауылдық бюджеттердің мүмкіндіктерін кеңейтетін заң жобасын қабылдады

Жаңа заң жобасына сәйкес, енді ауылдық округтердің бюджеттері салықтардың жаңа төрт түрінен түсетін түсімдер есебінен ұлғайтылатын болады.

Нұр-Сұлтан. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

Жаңа заң жобасына сәйкес, енді ауылдық округтердің бюджеттері салықтардың жаңа төрт түрінен түсетін түсімдер есебінен ұлғайтылатын болады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бұл жергілікті бюджеттердің дербестігін дамытудың жаңа кезеңі, ол ауылдың әлеуметтік мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин бюджет қаражатын тиімді әкімшілендірудің маңыздылығын және әкімдерді дайындау деңгейінің қажеттігін атап өтті.

Айта кету керек, 2018 жылы қабылданған Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңға сәйкес, бөлінген қаражат бірінші кезекте қайда жұмсалатындығы ауыл тұрғындарының жиналысында анықталатын.

Ал, жаңа заң жобасы бойынша әкім аппаратына өз бюджеттерін 20%-дан аспайтын мөлшерде түзетуге мүмкіндік беріледі, бюджетті рәсімдері бекіту оңайлатылады, сондай-ақ, меншікті түсімдер көлемінің 10%-нан аспайтын мөлшерде ауылдық бюджет резервін құру көзделеді.

Сондай-ақ, заң жобасында мәслихаттар депутаттарына қосымша құқықтар мен міндеттер беру және мәслихаттар хатшыларының құқықтық мәртебесін арттыру ұсынылады.

Бүгінгі жалпы отырыста депутаттар "Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы" Заң жобасын мақұлдады. Сонымен қатар Палата депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны