18.09.2019, 19:10 8402

Мәжіліс комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына Роман Склярдың кандидатурасы келісілді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Роман Васильевич Склярдың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді".

Нұр-Сұлтан. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына Роман Склярдың кандидатурасы келісілді.

Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Қазақстан Премьер-Министрінің атынан кандидатураны Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырып, Р.Склярдың мол тәжірибесі мен жоғары кәсібилігін атап өтті.

Комитет отырысының қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Роман Васильевич Склярдың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді".

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны