19.01.2019, 21:44 6100

Маминге Қожа Ахмет Яссауи музейініӊ құрылыс жұмыстары таныстырылды

Ауданы 3 мыӊ шаршы метрді алатын ғимаратта да келешекте 100 адам жұмыспен қамтылмақ. Ұлы тұлғаға арналған музейдіӊ де құрылыс жұмыстарын аяқтап, ел игіліне беру мерзімі келесі жылдыӊ соӊына жоспарланған.

Түркістан. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Сапары барысында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласында жаӊадан бой көтеретін нысандардыӊ құрылыс жұмыстарымен таныстырды.

Қонақтар алдымен құрылысты жүргізетін компаниялардыӊ жұмысшыларымен кездесіп, олардыӊ еӊбек жағдайымен танысты.

Түркістан қаласыныӊ бас жоспары бойынша 7,7 гектар аумаққа әкімшілік іскерлік-орталығы салынатын болады. Онда облыс әкімшілігі, басқармалар мен аумақтық департаменттер үйініӊ ғимараттары бой көтереді. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдыӊ қаӊдар айында басталып, 2020 жылдыӊ наурыз айында аяқталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, Астана қаласыныӊ тапсырысы бойынша шаһардыӊ шырайын арттыратын "Астана" алаӊы бой көтеретін болады. Оныӊ құрылыс жұмыстары 2019 жылдыӊ наурыз айында басталып, 2020 жылдыӊ желтоқсан айында аяқталады. 4,7 гектар аумаққа салынатын нысанныӊ құрылыс жұмыстарына 100 адам жұмылдырылмақ.

Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамыныӊ тапсырысымен 1000 адамға шақталған Конгресс орталық салынатын болады. Мәдени ошақтыӊ құрылыс жұмыстары келесі айда басталып, 2020 жылдыӊ соӊында аяқталады. Нысанныӊ жалпы аумағы 3 гектарды, ал ғимараттыӊ жер көлемі 14 200 шаршы метрді құрайды.

Одан бөлек, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Оқушылар сарайыныӊ құрылысын жүргізуге тапсырыс жасаған. 1 гектар жердіӊ 10 000 шаршы метріне заманауи үлгідегі сәулетті ғамарат тұрғызылатын болады. Құрылыс жұмыстары осы жылдыӊ ақпан айында басталып, 2020 жылдыӊ желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

Айта кетерлігі, бүгінде Түркістан қаласында салынатын ғимараттардыӊ жер телімдері белгіленіп, жобалар бекітілген.

ҚР Премьер-министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Маминніӊ Түркістан облысына іссапары кезінде облыс орталығында бой көтеретін 7 мыӊ орынға шақталған стадионныӊ құрылыс жұмыстары көрсетілді. Астаналық жұмысшы топты облыс әкімі Жансейіт Түймебаев нысан басына өзі алып барып, Түркістанныӊ болашақтағы сәулеттік сәніне әр беретін ғимараттыӊ орнын көрсетті. Мердігер компаниясы "BI Group" ЖШС-і болып табылатын нысанныӊ салыну барысын жобаныӊ әзірлеушісі саналатын "Самұрық Қазына "Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ Басқарма бөрағасы Б.Сандықбаев баяндады. Оныӊ айтуынша, спорт нысаныныӊ көлемі 33 286 шаршы метр болса, жалпы жобаныӊ ауданы 6,4 гектар. Болашақта жергілікті 100 адамды жұмыспен қамтуды көздеген ғимараттыӊ ел игілігіне берілу мерзімі 2020 жылдыӊ желтоқсанына жоспарланған.

Икімшілік-іскерлік орталықта құрылысы басталған нысанныӊ жалпы салыну жоспарымен танысқан бірінші вице-премьер жұмыстарды сапалы жасап, уақытылы пайдалануға беру мәселесіне жіті тоқталды.

Мұнан соӊ, А.Маминге Қожа Ахмет Яссауи музейініӊ құрылыс жұмыстары таныстырылды. Аталған мұражайдыӊ мердігері "Базис-А" холдингі. Ауданы 3 мыӊ шаршы метрді алатын ғимаратта да келешекте 100 адам жұмыспен қамтылмақ. Ұлы тұлғаға арналған музейдіӊ де құрылыс жұмыстарын аяқтап, ел игіліне беру мерзімі келесі жылдыӊ соӊына жоспарланған.

Астаналық жұмысшы топ аялдаған келесі нысан әкімшілік-іскерлік орталығындағы медиа-орталық болды. "BI Group" компаниясы мердігер мекемесі болып табылатын нысанныӊ тапсырысшысы Алматы қаласыныӊ әкімдігі. Аумағы 1 шақырымды алатын нысанныӊ аяқталуы 2020 жылдыӊ соӊына сәйкес келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны