23.07.2018, 22:02 3130

Маӊғыстау облысы әкімдігінде Форт-Шевченко маӊындағы жел электр станциясын салу бойынша жобаны іске асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Инвесторлар қуаты 2,5 кВт құрайтын 17 жел генераторларын орнатып, құрылыс кезеӊінде 70 адам жұмыспен қамтылатынын айтты. Инвестиция көлемі 60 млн. долларды құрайды.

Ақтау. 23 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Маӊғыстау облысы әкімдігінде Форт-Шевченко маӊындағы жел электр станциясын салу бойынша жобаны іске асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов, "South Wind Power" ЖШС-ніӊ бас директоры С.Парцикян, және "Horgos Jiuhe SilkBridge New Energy Co.,Ltd компаниясыныӊ өкілі Huang Cheng қол қойды.

Инвесторлар қуаты 2,5 кВт құрайтын 17 жел генераторларын орнатып, құрылыс кезеӊінде 70 адам жұмыспен қамтылатынын айтты. Инвестиция көлемі 60 млн. долларды құрайды.

"Жел қондырғысыныӊ құрылысы "жасыл экономикаға" көшу, қоршаған ортаға зиян келтіретін инновациялық технологияларды жүзеге асыру болып табылады және бұл жоба электр энергиясыныӊ қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі. Түпқараған ауданында 375 гектар жердегі 42 МВт жел қондырғысыныӊ құрылысы басталады. Аталмыш жобаныӊ құрылысы ағымдағы жылдыӊ тамыз айында құрылыс жұмыстары басталады", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Бүгінгі күні жер телімін рәсімдеу бойынша шаралар қабылданып, заӊнама әзірленіп, келісілген құжаттамалар оӊ қорытындысын алды.

Сондай-ақ, жобаға жаӊартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерініӊ орналасуы бойынша жоспар енгізілді, есеп айырысу және қаржы орталығымен сатып алу туралы келісімге қол қойылып "Маӊғыстау электр желілерін бөлу компаниясы" АҚ-мен желілеріне қосылу туралы келісім жасалды.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны