09.01.2007, 11:17 3142

Маңғыстау облысында 13 мыңнан астам еңбек мигранты заңдастырылды

АҚТАУ. 9-қаңтар. Kazakhstan Today. Республикалық шара аясында 2006-жылдың 1-тамызы мен 31-желтоқсаны аралығында Маңғыстау облысында 13 430 еңбек мигранты заңдастырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасының көші-қонды бақылау бөлімінің бастығы Мақтымғали Сұлтанов хабарлады.

Оның айтуынша, Маңғыстау өңіріне келген еңбек мигранттарының басым бөлігі - өзбекстандықтар. Өзбекстан мигранттарынан заңдастырылғандардың жалпы саны 11 818 адамды құрады. 302 кісі Қырғызстаннан, 270-і Ресейден келген.

М.Сұлтановтың айтуынша, 2006-жылы жалпы алғанда облысқа ТМД және алыс шетелдерден 30 мың азамат келген. "Бұл заңсыз еңбек мигранттарының басым бөлігі әлі де заңдастырылмағанын білдіреді. Заңдастыру шарасы аяқталғаннан кейін қазір заңсыз еңбек мигранттары мен оларға жұмыс берушілерді қатаң жаза мен айыппұлдар күтуде, ал заңсыз еңбек мигранттары елден қудаланады",- деді ол.

Сонымен бірге, М.Сұлтановтың айтуынша, таяу уақыттарда облыста "Мигрант" атты шұғыл -профилактикалық шара өткізу межеленіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны