27.07.2018, 18:56 5315

Маӊғыстау облысында биыл 9 жаӊа мектеп пайдалануға беріледі

Жаӊа оқу жылында сыйымдылығы 6300 орындық жаӊа 9 мектеп пайдалануға беріледі. Биылдыққа облыста 920 орындық 10 балабақша ашылса, жыл соӊына дейін тағы 23 бөбекжай іске қосылады. Осылайша жыл аяғына дейін балабақшамен қамту көрсеткішін 100%-ке жеткізу күн тәртібінде, деді өӊір басшысы.

Ақтау. 27 шілде. Kazakhstan Today - Облыстық Мәслихаттыӊ кезектен тыс сессиясында Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов әлеуметтік салаға да тоқталып, бұл бағытта атқарылған жұмыстарды жайында баяндады. Халық саныныӊ өсу қарқынын есепке ала отырып облыс мектептерінде үш ауысыммен оқытуды болдырмау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Жаӊа оқу жылында сыйымдылығы 6300 орындық жаӊа 9 мектеп пайдалануға беріледі. Биылдыққа облыста 920 орындық 10 балабақша ашылса, жыл соӊына дейін тағы 23 бөбекжай іске қосылады. Осылайша жыл аяғына дейін балабақшамен қамту көрсеткішін 100%-ке жеткізу күн тәртібінде, деді өӊір басшысы.

Денсаулық саласындағы келеӊсіздіктерге жол бермеу мақсатында медицина мекемелері желісін кеӊейту бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде. 23 медициналық ұйымдар үшін адам денсаулығындағы акауларды ерте мерзімде анықтауды қамтамасыз ететін құны 1 млрд.теӊге 16 заманауи УЗИ аппараттар сатып алынады. Облыс орталығындағы Ана мен бала өӊірлік Орталығыныӊ құрылысы аяқталады.

Елбасы биылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты жолдауында экономиканыӊ барлық саласында цифрлық технологиялардыӊ ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті. "Қазақтелеком" компаниясыныӊ қолдауымен облыстыӊ көптеген елді мекендері интернет желісімен толықтай қамтылып, оныӊ жылдамдығы арттырылды. Білім беру ұйымдарында "Egov.kz" порталы арқылы "Балабақшаға кезекке қою", "Оқушыларды мектепке қабылдау", "Электронды журнал", "Электрондық колледж" автоматтандырылған жүйесі толық енгізілген. Мектептер толығымен mektep.edu.kz ақпараттық жүйесіне қосылған. Ақпараттық жүйеніӊ педагогтарға және ата-аналарға арналған мобильдік қосымшалары жұмыс жасайды.

Цифрландыру саласын жүйелі қолға алудыӊ нәтижесінде еӊбек өнімділігі 30%-ға артып, қызмет көрсету уақыты 5 сағаттан 15 минутқа дейін қысқарды. Облыстағы 90 денсаулық сақтау нысандары кеӊ жолақты интернетке 100% қосылды. "Damumed" кешенді медициналық ақпараттық жүйесі енгізілді. Нәтижесінде еӊбек өнімділігі 50%-ға артып, халықтыӊ 91%-ніӊ электронды денсаулық паспорты жасалды. Ағымдағы жылдыӊ қаӊтар айында облыста Электронды еӊбек биржасы құрылды. Жыл басынан бері Еӊбек биржасына 4 мыӊнан астам азамат тіркелді.

"Жасыл экономика" элементтерін енгізу бойынша облыста бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл орайда, жеке инвестор қаржысына Мұнайлы ауданыныӊ Батыр ауылында қуаты 2 МВт күн электр станциясыныӊ құрылысы (құны 1,2 млрд. теӊге, 10 жұмыс орны, мердігер - "Бест Групп НС" ЖШС) аяқталып, пайдалануға берілгенін атап өту қажет.

Осы инвестордыӊ қатысуымен 2-жартыжылдықта қуаты 5 МВт жел электр станциясы Түпқараған ауданыныӊ Ақшұқыр ауылында пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Түпқараған ауданында инвестициялық құны 60 млн.АҚШ долларын құрайтын қуаты 42 МВт тағы бір жел электр станциясын салуға шетелдік инвесторлармен меморандумға қол қойылды. Жобада әрқайсысы 2,5 МВт болатын 17 жел генераторын қондыру қарастырылған. Құрылыс жұмыстары тамыз айында басталады.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны