15.05.2014, 23:03 2968

Мәскеуде ХЭФ министрліктер кездесуі басталды

Мәскеуде 15-16 мамыр аралығында 14-інші Халықаралық энергетикалық форумның (ХЭФ) министрліктер кездесуі басталды.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan today. Мәскеуде 15-16 мамыр аралығында 14-інші Халықаралық энергетикалық форумның (ХЭФ) министрліктер кездесуі басталды.

Қатысушылар арасында сала бойынша 46 министр, 25 компаниялар басшылары бар. Қазақстандық делегацияны ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин басқарды.

Шараның басты тақырыбы - "Энергетиканың жаңа географиясы мен жаҺандық энергетикалық қауіпсіздіктің болашағы", деп ҚР Мұнай және газ министрлігінен хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, Мұнай экспорттаушы мемлекеттер ұйымының (OPEC) Бас хатшысы Абдалла Салем аль-Бадри, Халықаралық энергетикалық форумның Бас хатшысы Альдо Флорес Кирога, сонымен қатар Халықаралық энергетикалық агенттіктің (IEA) атқарушы директоры Мария Ван дер Ховен баяндама оқуда.

Келелі кездесуде қатпарлы тас газын өндіру аясында әлемдік энергетиканың болашағы, өткізгіштігі төмен қабаттағы және терең сулардағы мұнай, аймақаралық сауда үшін көгілдір отынды үлкен көлемде тасымалдау салдары, бағаны құру мен саясат мәселелері қаралуда.

Сонымен қатар, ХЭФ министрліктер кездесуі барысында JODI-Gas компаниясымен бірлесіп жұмыс істеу болашағына арналған сессия өтеді, деп ведомстводан хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны