01.09.2016, 11:32 3280

Мәскеуде ядролық қаруға қарсы Қазақстанныӊ бастамалары талқыланды

Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінде "Ядролық қарусыз әлем үшін 25 жыл бойы күрес: Семей сынақ полигонынан бастап, Н.И.Назарбаевтыӊ "Илем. XXI ғасыр" манифесіне дейін" атты тақырыппен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінде "Ядролық қарусыз әлем үшін 25 жыл бойы күрес: Семей сынақ полигонынан бастап, Н.И.Назарбаевтыӊ "Илем. XXI ғасыр" манифесіне дейін" атты тақырыппен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады ҚР Ресейдегі елшілігі.

Іс-шараны Қазақстанныӊ Ресейдегі Елшілігі Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен бірлесіп ұйымдастырды.

Ресейлік саяси орталары конференцияға қызығушылықпен қатысты: оған РФ Мемлекеттік Думаныӊ депутаттары, екі серіктес елдіӊ әскери ғылым орталарыныӊ, сараптамалы-зерттеу және қоғамдық ұйымдарыныӊ өкілдері, және саясаттанушылар мен белгілі журналистер қатысты. Конференция барысында қатысушылар "Илем. XXI ғасыр" манифесініӊ ережелерімен, сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ жаһандық қауіпсіздік саласындағы жаӊа бастамалары жарияланған 29 тамызда Астанада өткен "Ядролық қарусыз әлемніӊ құрылуы" атты халықаралық конференциясыныӊ нәтижелерімен толық таныстырылды. Онда Елбасы Ядролық қару туралы бәрін қамтитын дүниежүзілік конвенцияны қабылдауды, ядролық қаруға қол жеткізбеу және оны таратпау бойынша қатаӊ шаралар қолданудыӊ нақты іске асуға келетін тетіктерді қалыптастыруды, және ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі халықаралық құқықты кодификациялауды ұсынды.

ҚР Сыртқы істер министрініӊ орынбасары Ержан Ашықбаев өз баяндамасында бүгінгі Конференция БҰҰ Бас ассамблеясыныӊ шешімімен әр жыл сайын 29 тамызда аталып өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардыӊ халықаралық күніне орай әлемде өтіп жатқан іс-шаралар бағдарламасына маӊызды үлесі болып табылатынын айтты.

"Ядролық қарусыз әлемді құру мәселесі ядролық сынақтардан жеткілікті зардап шеккен еліміз үшін өте маӊызды басымдық болып табылады", - деді Е.Ашықбаев. "Қазақстан Президентініӊ бастамалары -барлық мемлекеттерге ядролық қарусыз әлемді құрудыӊ тиімді жолын ұсынуда".

Ол, "Илем. XXI ғасыр" манифесінде ядролық қарусыз әлемді құру адамзаттыӊ 21-ғасырдағы негізгі мақсаты деп белгіленгенін еске салды. Атап айтқанда, бұл - әлемдегі барлық қақтығыстар мен соғыстарға қарсы тұру, деп алсақ та болады. Оныӊ пікірінше, манифесте айтылған барлық тұжырымдамалы ережелер осынын алдында Астанада өткен халықаралық конференцияда қабылданған нәтижелі құжатта қолдауын тапты. Астаналық конференцияныӊ қорытындысы бойынша қатысушылар жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін арнайы халықаралық бәйгесін жариялауды ұсынды.

"Қазақстан Елбасшысы халықаралық қоғамдастықты ядролықсыз және қақтығыссыз әлемніӊ құрылуы тереӊ ділдік өзгерілуін, жаӊа көпжақты саяси шешімдерді қабылдануын, халықаралық қатынастарда жоғары деӊгейдегі сенім болуынын талап ететініне назар аударды. Елбасыныӊ жаһандық қарусыздану үдерісін ілгерілету бойынша ұсыныстары кешенді және новаторлық дегеннен басқа, еӊ алдымен оларға азаппен қол жеткізілді", - деді Е.Ашықбаев.

Қазақстан Республикасыныӊ Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ осыдан біраз жыл бұрын Семей ядролық сынақ полигонын жабу, Қазақстанныӊ ядролық қарудан бас тарту бойынша шешімдерініӊ және жаһандық ядролық қарусыздандыру саласындағы негізгі бастамаларыныӊ тарихи маӊызын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны