12.12.2008, 17:19 2520

Мәскеуде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "ИСТ" компаниялар тобының президенті Александр Несиспен кездесті

Мәскеуде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "ИСТ" компаниялар тобының президенті Александр Несиспен кездесті

Мәскеу. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Мәскеуде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "ИСТ" компаниялар тобының президенті Александр Несиспен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуде Қазақстанда жүк вагондарын шығаратын зауыт құрылысының жобасы талқыланды. Аталған жоба жүк вагондарына арналған озық теміржол тіркемелерін шығаратын құю-балқыту цехы бар зауыт құрылысын салуды көздейді.

Ынтымақтастық жөніндегі тиісті меморандумға Қазақстан және Ресей үкіметтері басшыларының қатысуымен 30 қазан күні Астана қаласында қол қойылған. "ИСТ" компаниялар тобының серіктестері ретінде "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ, Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) және Қазақстан Даму банкі қатысып отыр.

Кәрім Мәсімов жобаны тездетіп іске асыру үшін қарым-қатынасты тереңдету қажеттігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны