16.03.2018, 22:58 5664

Мәулен Ишімбаев арнайы сапармен Қарағанды облысына келді

Елбасыныӊ бес әлеуметтік бастамасыныӊ Қарағанды облысы үшін маӊызы жоғары. Қызылордадан Жезқазған-Қарағанды-Теміртау арқылы Астанаға газ құбырыныӊ тартылатыны туралы айтылуы қарағандылықтарды ерекше қуанышқа бөледі. Бұл газбен қамтумен қатар экологиялық мәселеніӊ де оӊ шешілуіне ықпалын тигізетін игі іс

Қарағанды. 16 наурыз. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Мәулен Ишімбаев "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасын" кеӊінен түсіндіріп, талқылау мақсатында арнайы сапармен Қарағанды облысына келді. Сапар барысында ол "АрселорМиттал Теміртау"акционерлік қоғамыныӊ металлургтерімен, Теміртау жоғары политехникалық колледжініӊ студенттері және оқытушыларымен кездесті. Сондай-ақ, облыстыӊ кәсіпкерлері және бизнес-қауымдастық өкілдерімен де жүздесіп, пікір алмасты. Одан бөлек, Қарағанды құю-машина жасау зауыты мен бірқатар әлеуметтік нысандарға арнайы ат басын бұрды. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үй кешендерініӊ құрылыс жұмыстарымен танысып, жаӊадан салынған спорт кешенінде болды.

Елбасы Парламент палаталарыныӊ бірлескен отырысында "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасын" жүзеге асыру барысына бақылау жүргізуді "Нұр Отан" партиясына тапсырды. Бұған дейін де маӊызды мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалуына партия тарапынан бақылау жүргізіліп келгені белгілі.

Жалпы Қарағанды өӊірі өндірістік әлеуеті аса жоғары, еліміздіӊ ірі индустриялық орталығы болып саналады. Бұл облыста көптеген тау-кен металлургиялық кәсіпорындар мен энергетикалық кешендер шоғырланған. Қазақстанныӊ аса маӊызды әлеуметтік серіктестерініӊ бірі "АрселорМиттал Теміртау" компаниялар тобы да осында орналасқан.

Алдымен Мәулен Ишімбаев Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошановпен бірге аталған комбинатқа барды. Бүгінде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ныӊ құрамында Қарағанды металлургиялық комбинаты, 8 көмір шахтасы, 2 электр стансасы, Лисаков тау-кен байыту комбинаты, темірмарганец кен орны және тағы басқа көптеген кәсіпорындар бар. Мұндағы домна цехыныӊ өзі жоғары индустриялық әлеуетке және аса зор өндірістік қуатқа ие. Сондай-ақ, оныӊ ел тарихындағы орны да ерекше. Нақты айтқанда, №1 домна пеші 1960 жылдыӊ 3 шілдесінде Қазақстандағы алғашқы шойын құйылды. Содан бері бұл дата домна цехыныӊ ғана емес, тұтас Қарағанды металлургиялық зауытыныӊ іргесі қаланған күн ретінде де аталып келеді.

"Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары өзініӊ осы қызметке келгелі облыстарға жасаған сапарын дәл Қарағандыдан бастау алғанына назар аударып, оныӊ өз мәні бар екенін айтты.

- Қарағанды ел экономикасында алар орны ерекше ірі өндірістік өӊірлердіӊ бірі. Бұл жақта ел экономикасына қомақты қаржы құйып отырған ірі инвесторлар жұмыс істейді. Ал Қазақстан Магниткасы саналатын Теміртауда Елбасымыздыӊ еӊбек жолы басталғаны баршаға мәлім. Сондықтан бұл сапардыӊ маӊызы жоғары деп есептеймін, - деді Мәулен Ишімбаев.

Шын мәнінде "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамы тек Қарағанды үшін емес, жалпы Қазақстан үшін ерекше маӊызға ие кәсіпорын. Бір өзі 35 мыӊнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын Қазақстанныӊ жалпы ішкі өнімініӊ артуына да өз септігін тигізіп келеді.Елбасыныӊ ерекше қолдауы мен индустриалды-инновациялық даму бағдарламасыныӊ арқасында соӊғы жылдары комбинатта өндірістік жаӊғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. ТМД елдерінде баламасы жоқ заманауи технологиялар, атап айтқанда, 4 құю машинасы, 2 түйіршіктеу қондырғысы, 1 қалдық қоқысты қайта өӊдеу кешені орнатылды. Соныӊ нәтижесінде тәулігіне 14 мыӊ тоннаға дейін шойын өндіруге мүмкіндік туып отыр.

Сонымен қатар Мәулен Ишімбаев облыстағы тағы бір жетекші өндіріс орны "Maker" Қарағанды құю-машина жасау зауытында болды. Бұл кәсіпорын да жаӊғырту жұмыстарыныӊ аясындаеліміз бойынша ешқандай баламасы жоқ, еӊ алдыӊғы қатарлы қондырғылармен жабдықталған. Зауыт тау-шахта қондырғыларын дайындап және оларды жөндеумен айналысады. Сондай-ақ, "Қазақмыс" корпорациясын машина жасауға арналған қосымша бөлшектер және қондырғылармен қамтамасыз етеді.

Аталған кәсіпорындардыӊ еӊбек ұжымдарымен кездескен "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасыныӊ" маӊызына ерекше тоқталды.

- Бұл бастамалардыӊ маӊызы халық үшін өте жоғары. Баспана алудыӊ жаӊа мүмкіндіктері, жалақысы аз жұмысшылардыӊ салық жүктемесін 1 пайызға дейін төмендету, жоғары білімніӊ қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студенттердіӊ жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін ұлғайту және елді газбен қамтамасыз ету бастамаларыныӊ әрқайсысы бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелердіӊ қатарында. Сондықтан барша қазақстандықтардыӊ жағдайын жақсартуға бағытталған Елбасы бастамаларын жүзеге асыруға "Нұр Отан" партиясы белсене қатысатын болады. Бұл жұмыстарға барлық нұротандықтар және осындай ірі кәсіпорындардағы бастауыш партия ұйымдары да белсенді қатысуы тиіс,- деді Мәулен Ишімбаев.

Өӊірде индустриялық-өнеркәсіптік кешендерді қарқынды дамытумен қатар оларға білікті маман даярлау ісіне де ерекше көӊіл бөлінуде. Елбасыныӊ дуальді білім беру бастамасын жемісті жүзеге асырып отырған сондай оқу орындарыныӊ бірі Теміртау жоғары политехникалық колледжі. Қазірдіӊ өзінде бұл оқу орны серіктестерімен, соныӊ ішінде облыстыӊ бизнес-қауымдастығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Техникалық және кәсіби білім беру ісіндегі әлемдік тәжірибені кеӊінен зерделеу мақсатында колледж "Кәсіпқор" холдингімен де ынтымақтаса жұмыс істеп келеді. Осы ынтымақтастық аясында 9 бірдейоқытушы Сингапурдіӊ әлемдік деӊгейдегі Nanyang Polytechnic оқу орнында тәжірибеден өтті. Ұжымныӊ белсенділігі мен білім ордасыныӊ толық жабдықталуыныӊ арқасында 2017 жылдыӊ тамыз айында Теміртау политехникалық колледжіне Жоғары колледж атағыныӊ берілуі де көп жайттан хабар береді.

Оқу орнына арнайы келген Мәулен Ишімбаев колледждіӊ профессор-оқытушылар құрамымен және "Серпін-2050" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студент жастармен кездесті. Бүгінде мұнда аталған бағдарламамен еліміздіӊ Оӊтүстік өӊірлерінен келген көптеген жас білім алуда. Олар оқу бітіргеннен кейін жергілікті өнеркәсіп орындарына жұмысқа тұруды көздеп отыр. Ал бүгінде Қарағанды облысында білікті мамандарға соныӊ ішінде теxникалық мамандықтарға деген сұраныс ерекше жоғары. Осы мәселеге назар аударған партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары оӊтүстіктен келген жастардыӊ орталық өӊірде қалуыныӊ игі әсері мол екенін айтты.

- Елбасы жастардыӊ сапалы білім алып, білікті маман болып қалыптасуына барлық жағдайды жасап келеді. "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасында" да жоғары білім алудыӊ қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардыӊ жатақханадағы жағдайын жақсартуға ерекше көӊіл бөлінген. Нәтижесінде қосымша 20 мыӊ білім гранты, соныӊ ішінде техникалық мамандықтарға 11 мыӊ грант бөлінетін болды. Бұл жастарға көрсетіліп отырған өте үлкен қолдау. Сондықтан осы мүмкіндікті мүлт жібермей, жалықпай ізденіп, бәсекеге қабілетті білім алуларыӊыз керек, - деді Мәулен Ишімбаев.

Колледж студенттері Елбасы бастамаларыныӊ арқасында көптеген өзекті мәселелердіӊ шешім тапқанына ерекше қуаныштарын білдірді. Олар жоғары білім алуға жасалған қолдаулармен қатар баспана алудыӊ айтарлықтай жеӊілдейтініне де ерекше мән беріп отыр. Тіпті студенттербұл бастамалардыӊ жарқын болашаққа деген сенімдерін күшейткенін айтып, "7-20-25" бағдарламасы бойынша баспаналы болуға қазірден бастап ниет етіп отырғандарын жеткізді. Бұл әрине жастарымыздыӊ әріден ойлап әрекет ететінін аӊғартады.

Мемлекет басшысыныӊ "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы да еліміздегі еӊ маӊызды бастамалардыӊ бірі екені сөзсіз. Осы бағытта Қарағанды облысында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Бір ғана денсаулық сақтау ісіне ақпараттық технологияны енгізу бойынша кешенді жұмыстар қолға алынған. Мұныӊ жарқын мысалы ретінде Қарағанды қалалық №3 емханадағы игі істерді айтуға болады. Бұл жерде алдын алудыӊ, диагностиканыӊ және халықаралық стандарттар деӊгейінде түрлі ауруларды емдеудіӊ озық үлгілері бойынша сапалы әлеуметтік-бағдарлы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі. Жергілікті мамандар еӊ жоғары технологиялармен жұмыс істейді. Емделушілердіӊ үйлерінен шықпай-ақ арнайы мобильді қосымша арқылы қажет дәрігердіӊ қабылдауына жазылуға да жағдай жасалған. Ал әр дәрігер кабинетініӊ кіреберісіне орнатылған QR-код арнайы оптикалық белгісі арқылы маманныӊ біліктілігі, қабылдау уақыты және сол учаскеніӊ кестесі туралы толық мәліметтер алуға болады.

Мәулен Ишімбаев емхана ұжымымен кездесіп, Елбасыныӊ бес әлеуметтік бастамасында медицина қызметкерлеріне де ерекше қолдау көрсетілгенін айтты. Яғни, баспана алу мәселесініӊ жаӊа мүмкіндіктері мен салық жүктемесініӊ төмендеуі осындай әлеуметтік сала мамандарына тікелей қатысты екені белгілі.

Президенттіӊ тағы бір маӊызды бастамасы - шағын несие беруді көбейту. Бұл жаппай кәсіпкерліктіӊ дамуына айтарлықтай оӊ әсерін тигізетін игі бастама. Осыған орай Мәулен Ишімбаев Қарағанды қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болып, оныӊ қызметкерлерімен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында кәсіпкерлікті дамытудыӊ жаӊа мүмкіндіктері туралы сөз болды.

- Шағын және орта бизнес ел экономикасыныӊ негізін құрайды. Сол себепті де Елбасымыз бұл саланы үнемі қолдап, оныӊ дамуына барлық жағдайды жасап келеді. Өзініӊ бес әлеуметтік бастамасында да шағын несие беруді көбейтуді тапсыруы еліміздегі кәсіпкерлік саланыӊ жаӊа деӊгейге көтерілуіне жол ашады, - деген Мәулен Ишімбаев бизнесті қолдауға бағытталған партиялық жоба жайында да айтып өтті. Сол арқылы "Нұр Отан" партиясы бизнестіӊ жағдайын жақсарту үшін орталық және өӊірлік деӊгейде тиісті шараларды қолға алмақ.

Айта кетейік, аталған орталықта кәсіпкерлерге заӊдық, бухгалтерлік және маркетингтік қызмет түрлері тегін көрсетіледі. Одан бөлек, мемлекеттік сатып алу жөнінде кеӊестер беріледі. Жұмыс тиімділігін арттыру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ өкілдері де осы ғимаратта отырады. Өз кәсібін ашқысы келген жандар бұл жерден мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, кеденге қатысты мәселелер жәнекәсіпкерлік төӊірегіндегітағы да басқа өзекті түйткілдер жөнінде жүйелі түрде кеӊестер ала алады. Осылайша қарағандылық кәсіпкерлердіӊ "бір терезе" қағидасы бойынша барлық қызмет түрлерін жедел әрі сапалы алуына жағдай жасалған.

Облысқа сапары аясында партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары бірқатар құрылыс нысандарын да аралады. "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы бойынша Қарағанды қаласында салынып жатқан "Спорт академиясы" кешеніндеспорттық-сауықтыру, білім беру және демалыс орталықтарымен бірге кеӊселер, музыкалық консерватория, оқу сыныптары, мейрамхана, қонақ үй сияқты бөлімдержұмыс істемек.

Өӊірде тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүргізілуде. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 7 көпқабатты үйден тұратын жаӊа шағын ауданныӊ құрылыс барысымен танысты. Алдағы уақытта ондағы пәтерлер кезекте тұрған 1300 отбасыға мемлекеттік бағдарламалар бойынша, соныӊ ішінде "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" және Елбасыныӊ жаӊа "7-20-25" бастамасы арқылы беріледі.

Сондай-ақ, партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Теміртау қаласындағы Тұӊғыш Президенттіӊ тарихи-мәдени орталығында болып, Елбасымен бірге жұмыс істеген әріптестерімен, қанаттас серіктерімен және курстастарымен кездесті. Олар Тәуелсіз Қазақстанныӊ негізін қалаған Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ өнегелі өмір жолы туралы жан-жақты баяндап, Мемлекет басшысыныӊ қайсар мінезі мен табандылығына және адамдарға деген ерекше ілтипатына айрықша назар аударды.

Сапар соӊында Мәулен Ишімбаев партияныӊ Қарағанды облыстық активімен кездесіп, "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасын" халыққа түсіндіру және оны жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

- Елбасыныӊ бес әлеуметтік бастамасыныӊ Қарағанды облысы үшін маӊызы жоғары. Қызылордадан Жезқазған-Қарағанды-Теміртау арқылы Астанаға газ құбырыныӊ тартылатыны туралы айтылуы қарағандылықтарды ерекше қуанышқа бөледі. Бұл газбен қамтумен қатар экологиялық мәселеніӊ де оӊ шешілуіне ықпалын тигізетін игі іс. Сондықтан Президент бастамаларын ел экономикасыныӊ дамуына оӊ әсерін тигізетін маӊызды тетік деуге толық негіз бар. Бүгінде "Нұр Отан" партиясыныӊ алдында тұрған негізгі міндеттер осы бастамалардыӊ маӊызын халыққа түсіндіріп, олардыӊ жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жүргізу. Бұл жұмыстарға барша нұротандықтар белсене атсалысуы тиіс, - деді Мәулен Ишімбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны