01.03.2012, 13:38 3637

Мәжіліс 2012 жылға арналған республикалық бюджеттің түзетулерін мақұлдады

Парламент мәжілісі сәрсенбіде өткен жалпы отырыста "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Парламент мәжілісі сәрсенбіде өткен жалпы отырыста "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталмыш құжат сенаттың қарауына жіберілді.

Түзетілер 2012 жылдың бюджетіне енгізілген. 2012 жылғы республикалық бюджеттің дефициті өзгерген жоқ, 758,5 млрд теңгені немесе ІЖӨ 2,6% құрайды.

Бюджет түсімі 5 трлн 236,9 млрд теңге көлемінде айқындалған немесе алдында бекітілген бюджеттен 485,9 млрд теңгеге артық, деп көрсетілген құжатта.

2012 жылғы Қазақстанның республикалық бюджетінің шығысы 6 трлн 16,8 млрд теңге көлемінде көзделген, бұл бекітілген бюджеттен 507,2 млрд теңгеге артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны