02.05.2007, 14:40 3137

Мәжіліс Азат етуші жауынгердің ескерткішін құлатуға байланысты Эстония парламентіне арнап мәлімдеме жасады

АСТАНА. 2-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Азат етуші жауынгердің ескерткішін құлатуға байланысты Эстония парламентіне арнап мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттары Азат етуші жауынгердің ескерткішін құлатуға және Таллин қаласындағы кеңес әскерлерінің бейіттерін көшіруге байланысты өкініш білдіреді",- делінген мәлімдемеде.

АСТАНА. 2-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Азат етуші жауынгердің ескерткішін құлатуға байланысты Эстония парламентіне арнап мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттары Азат етуші жауынгердің ескерткішін құлатуға және Таллин қаласындағы кеңес әскерлерінің бейіттерін көшіруге байланысты өкініш білдіреді",- делінген мәлімдемеде.

"Біздің сайлаушыларымыз, Қазақстанның соғыс ардагерлері өз хаттарында бұл әрекеттерді әлемді өз өмірінің құнымен фашизмнен азат етушілердің рухын әжуалау деп атауда. Ал бұл шараның Жеңіс күні қарсаңында жүзеге асырылуы өкініштің ащы дәмін тіптен тұздықтай түседі",- делінген мәлімдемеде.

"Еуропалық мәдениет пен еуропалық демократияға негіз болған жалпыадамзаттық құндылықтар мен адами ақыл-парасатты елеп ескермеу ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Бұл жайт көптеген адамдардың жанын жаралайды және одан құтылу оңай емес",- дейді парламентшілер.

"Алдағы уақытта өткен тарих туралы жадымыз бізді қарама-қайшылыққа емес, ортақ болашағымыздың игілігі үшін бір-бірімізді түсіну қажеттігіне жетелейді дегенге сенгіміз келеді",- деді мәжіліс депутаттары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны