24.12.2008, 12:57 1790

Мәжіліс "БАҚ мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "БАҚ мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "БАҚ мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мәжілістің Илеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытытндысы бойынша, бұл заң жобасы Елбасының 2008 жылғы қыркүйектің 2-сіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің II сессиясының ашылуында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.

Заң жобасының мақсаты - қоғам дамуының қол жеткізілген экономикалық, әлеуметтік-саяси деңгейіне, сондай-ақ құқық мәдениетінің деңгейіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары туралы ұлттық заңнаманы одан әрі дамыту.

"Бұл бірінші кезекте еліміздің ақпараттық кеңістігін әрі қарай жетілдіруге және дамытуға бағытталған заң. Өз ұлтымыздың мүдделері бірініші кезекте басты назарда ұсталып отырған заңның жобасы,- деді ҚР МАМ жауапты хатшысы Ж.Құрманғалиева жобаны мәжілістің комитетінде талқылауда.

Заңнаманы әзірлеу жұмысына журналисттік және құқық қорғау ұйымдары қатысты. Жұмыс тобының құрамына "Internews Network", "Иділ сөз" Халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры, "Қазақстан Журналисттері Одағы", "Бас редакторлар клубы", "Қазақстан телерадихабартаратушыларының Ұлттық ассоциациясы" сияқты ұйымдардың өкілдері қатысты. Бұл ұйымдар өкілдерінің ұсыныстары негізгі базалық түзетулердің құрамына енгізілді",- деді баяндамасында Ж.Құрманғалиева.

Заң жоба арқылы баспа және электрондық БАҚ-тар үшін артық әкімшілік кедергілер жойылады. Атап айтқанда, "БАҚ туралы" Заңның 10 бабының ұсынылған редакциясы телерадиохабартарату ұйымдары үшін есепке қоюды алып тастауды көздейді. Қазіргі кезде радио, - және телеарналар иелеріне "Лицензиялау туралы" Заңға сәйкес лицензия алудан басқа "БАҚ туралы" Заңға сәйкес есепке қою процедурасын өту қажет. Аталған шараларды қабылдау тіркеудің бірін-бірі қайталайтын процедурасын жоюға мүмкіндік береді.

Изірленген заң жоба журналистердің құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауға бағытталған.

Заң жобасына сәйкес журналистің міндеттері тізімінен сұхбат жүргізу кезінде бейне- және дыбысжазба техникасын қолдануға рұқсат алу жөніндегі "БАҚ туралы" Заңның 21 бабы 4-1 тармақшасы алып тасталады. Журналисттің жұмысы жария съемкалар және интервью жүргізумен байланысты екендігі баршаға белгілі нәрсе. Ал, қолданыстағы заңдармен көзделген әрқашан рұқсат алып отыру репортердың жұмысын айтарлықтай қиындатады.

"БАҚ туралы" Заңның 19 бабы 1 тармағына журналисттік қауымдастықтың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінген кезде талапкер және журналисттің жауапкер ретіндегі ұстанымдарын теңестіретін түзету енгізіледі. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес журналист кінәлінің жағдайын иеленеді және өзінің мәліметтерінің шындығын дәлелдеуге тиіс. Ұсынылған нормаға сәйкес сотта тараптардың тең дәрежедегі бәсекелестігі қамтамасыз етілетін болады.

Ұсынылып отырған заң жоба жалпы алғанда, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға негізделген, медиа саласындағы заңнамаларды либерализациялау жөніндегі біздің міндеттерімізге жауап бере алады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 11 қарашада Қазақстан үкіметі "БАҚ мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

"Жасалған заң жобасы журналистердің құқығы мен кәсіби мүддесін қорғауға бағытталған", - деді еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

"Заң жобасында "БАҚ туралы" заңның 213-бабының 4.1 тармақшасын алып тастау ұсынылған, бұл журналистердің сұхбат алған кезде аудио- немесе бейнежазба жасауға рұқсат алу міндетін жоюға бағытталған", -деді ол.

"Қазір біз үкіметтің отырысында отырмыз, сол себепті журналистерде біздің әрқайсымызға келіп түсірілім жасауға рұқсат алуға мүмкіндігі жоқ. Сіз бен біз жариялы саясаткерлер болғандықтан, мұндай түзетудің қажет екендігін түсінуге тиіспіз, бұл журналистің ақпарат алу жұмысын мейлінше жеңілдете түседі", -деді министр.

Сонымен бірге, оның айтуынша, заң жобасымен "БАҚ туралы" заңның 19- бабына және Азаматтық кодекстің 143-бабына "сотта ақпаратты жоққа шығару туралы істі қарауда шағымданушы мен жауапкердің позициясын теңестіру" мақсатындағы түзету енгізіледі.

"Қазіргі бар баптардың редакциясына сәйкес, журналист көрінеу айыпкердің позициясында өзі пайдаланған мәліметтердің шындыққа нақты сай келетіндігін дәлелдеп шығуға тиіс", - деді М. Құл-Мұхаммед.

"Қолданыстағы заңнамаға жемқорлыққа жол беру мүмкіндігіне қатысты талдау барысында екіұдай түсіндіруге мүмкіндік беретін бірқатар нормалар анықталды, осыған байланысты аталған заң жобасымен осындай факторды жою үшін редакциялық түзетулер енгізілді", -деді мекеме басшысы.

""БАҚ туралы" заңның 18-бабының 3-тармағы бойынша журналистер өздері сұраған мәліметті беруден мемлекеттік орган мен лауазымды тұлға тарапынан бас тартылған жағдайда алдымен одан гөрі жоғары лауазымды тұлғаға, сосын ғана сотқа шағымдана алады. Айталық, журналист министрден мәлімет сұрасын делік, егер ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде жауап бермесе, алдымен оның әрекетіне қатысты вице-премьерге немесе премьер-министрге шағымдану керек", -деді М. Құл-Мұхаммед.

Ал енгізілетін түзетулерге сәйкес, сұралған ақпаратты уақытылы ала алмаған жағдайда журналист немесе БАҚ бірден сот органына шағымдана алады.

""БАҚ туралы" заңның 10-бабының 6-тармағына енгізілген түзетуде газеттер мен ақпараттық агенттіктердің редакциясының мекен-жайы мен редакторы ауысқан жағдайда қайта тіркеуден өтуді алуды қарастырады", -деді министр.

Оның хабарлауынша, сонымен қатар, заң жобасында телерадиохабарларын таратушы ұйымдарды есепке алуды алып тастау көзделген. "Қазір теле- және радиоарналардың қожайындары "Лизенция беру туралы" заңға сәйкес лицензия алумен бірге "БАҚ туралы" заң бойынша тіркелу процедурасынан өтуі қажет", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны