23.12.2009, 12:51 3041

Мәжіліс балық шаруашылығы мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс балық шаруашылығы мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша парламент палаталары арасында туындаған келіспеушілікті еңсеру мақсатындағы келісім комиссиясының ұсыныстарын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының негізгі мақсаттары балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және тиімді пайдалану мәселелерінде құқықтық негіз құру және балық шаруашылығындағы мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіру болып табылады.

Заң жобасымен Қылмыстық, Экологиялық, Су, Икімшілік тәртіп бұзушылықтар туралы кодекстерге және "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңдарға өзгерістер енгізілетін болады.

Бұл жоба тауарлық балық шаруашылығын дамыту мәселелерін заңнамалық тұрғыда бекітуді қарастырады, "айдын мәдениеті", "балық өсіру" ұғымдары беріліп отыр, балық шаруашылығы су қоймаларын көлдік-тауарлық, тоғанды және балық өсірудің басқа да түрлеріне алмастыру рәсімдерінің талаптарын белгілейді.

Сондай-ақ балық аулау түрлері тізімін ұлғайту, балықтың жаппай қырылуымен күресті тиімді жүргізуге, су-батпақ алқаптары туралы Рамсар Конвенциясын жүзеге асыруға жол беретін түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Заң жобасында қарастырылып отырған ерекше мәселелердің бірі - Каспий қорық аймағының экожүйесі мен биоәртүрлілігін сақтау болып табылады.

Осыған байланысты заң жобасына табиғи ортадан алынған бекіре тұқымдас балықтарды сатып алуға, олардың уылдырығын қайта өндеу және сатуға (экспорт және ішкі нарықта көтерме сауда) мемлекеттік монополия енгізуді көздейтін ереже енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны