24.10.2012, 14:26 3514

Мәжіліс бәсекелестік жөніндегі жобаны мақұлдады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру шеңберінде Кеден одағына қатысушы елдердің монополияға қарсы заңнамасын үйлестіру болып табылады. Сонымен қатар, құжат қолданыстағы монополияға қарсы ұлттық заңнаманы жетілдіруді де көздейді.

Астана. 24-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру шеңберінде Кеден одағына қатысушы елдердің монополияға қарсы заңнамасын үйлестіру болып табылады. Сонымен қатар, құжат қолданыстағы монополияға қарсы ұлттық заңнаманы жетілдіруді де көздейді.

"Бұл ретте "Бесекелестік туралы" қолданыстағы заңға екі жаңа ұғым: "жанама бақылау" және "тікелей бақылау" ұғымы енгізіледі. Аталған ұғымдарды енгізуге байланысты араларында тікелей немесе жанама бақылау белгіленген нарық субъектілерінің келісімдері бәсекелестікке қарсы болып саналмайды", - дейді заң жобасы бойынша баяндаған Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев.

Бұдан бөлек, заң жобасымен Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістігінің нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде монополияға қарсы заңнаманы үйлестіру шаралары да қарастырылады.

Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін бас комитетке тапсырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны