15.09.2010, 15:42 5327

Мәжіліс депутаты премьерге ҚР төлем жүйесінде тәртіп орнату жөнінде өтініш білдірді

ҚР парламентінің мәжіліс депутаты премьерге ҚР төлем жүйесінде тәртіп орнату жөнінде өтініш білдірді. Тиісті депутаттық өтінішті мәжіліс депутаты И. Черкалин бүгін мәжілістің жалпы отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР парламентінің мәжіліс депутаты премьерге ҚР төлем жүйесінде тәртіп орнату жөнінде өтініш білдірді. Тиісті депутаттық өтінішті мәжіліс депутаты И. Черкалин бүгін мәжілістің жалпы отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Депутаттық өтініш білдіруге ҚР төлем жүйесіндегі өзекті мәселелер мен оның келешегіне қатысты ахуал түрткі болып отыр. Ұлттық банктің 2010 жылдың 1-мамырында берген мәліметтеріне сүйенсек, екінші деңгейлі банктер 8 млн төлем корточкаларын шығарған. Осы карточкаларды қолданатындар саны - 7,5 млн адам. Ал Қазақстан бойынша төлем карточкалары арқылы операция жүргізуге болатын POS-терминалдар саны 17 мың",- деді И. Черкалин.

"Яғни біз жүйе құрып, барлық зейнетақыны, бюджеттік қызметте істейтіндердің айлық жалақыларын төлем карточкалары арқылы алатын қылдық. Төлем карточкаларында жатқан ақшаға ешқандай сыйақы тағайындалмайды, яғни таза банктің айналымында жатады. Оған ешкім ешқандай шара қолданбайды. Оған қоса әрбір транзакция ақылы. Жалпы жүйе түсініксіз: біреулері әрбір транзакция үшін алады, кейбірі босатады, елімізде төлем карточкалары жүйеленбеген",- деп мәлім етті ол.

Осыған байланысты депутат премьер-министрге "тәртіп орнатуға қатысты шара қолдануға" өтініш білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны