06.12.2016, 17:28 3714

Мәжіліс депутаттары экологиялық мәселелер бойынша заӊ жобасына бастамашы болды

Енді аталған заӊ жобасы 8 желтоқсан күні жұмыс тобында қаралатын болады.

Астана. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары Щегельский Г.А., Қаракен Қ.И. және Смағұлов А.А.бастамашы болған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы бойынша жұмыс тобыныӊ кеӊейтілген отырысы өтті. Оныӊ жұмысына Энергетика министрініӊ орынбасары Ғани Садыбеков қатысты.

Заӊ жобасы қолданыстағы экологиялық заӊнаманы жетілдіру және оны қолдану практикасы барысында айқындалған құқықтық олқылықтарды жою мақсатында әзірленген.

Заӊ жобасымен мынадай 2 заӊнамалық актіге: Қазақстан Республикасыныӊ Экологиялық кодексіне; "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне Қазақстан Республикасыныӊ "жасыл экономикаға" көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Ұсынылып отырған заӊ жобасы екі бағытта өзгертулер енгізуді көздейді.

Түзетулердіӊ бір бөлігіорта және шағын бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында қоғамдық тыӊдау өткізу арқылы халықтыӊ шешім қабылдауға қатысу процесіне байланысты.

Түзетулердіӊ келесі бөлігі қалдықтарды қолдану жөніндегі мәселелерді реттеуге бағытталған.

Кеӊейтілген жұмыс тобыныӊ аясында заӊ жобасы бастамашыларыныӊ бірі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаты Қ.И.Қаракен заӊ жобасы бойынша баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді.

Жұмыс тобыныӊ отырысына барлық мүдделі мемлекеттік ограндардыӊ және мемлекеттік емес ұйымдардыӊ өкілдері қатысты. Атап айтқанда, энергетика, инвестициялар мен даму, ұлттық экономика, қаржы және әділет министрліктерініӊ өкілдері, сонымен қатар Кәсіпкерлердіӊ ұлттық палатасы, "Табиғат" Қазақстанныӊ ассоциациялары мен кәсіпорындарыныӊ экологиялық одағы, Тұрақты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардыӊ қазақстандық ассоциациясы, "Kazenergy" ассоциациясы, Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциациясы, "Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарыныӊ қауымдастығы", "Қазақстандық экологиялық аудиторлар палата" ассоциациясы, германиялық халықаралық қатынастары қоғамы (GIZ), "KazWaste" Қазақстандыққалдықтарды басқару ассоциациясы және "Қазақстанныӊ биосферасы ҒЗО"ЖШС өкілдері болды.

Заӊ жобасы бойынша жұмыс тобыныӊ кеӊейтілген отырысында заӊ жобасыныӊтұжырымдамалық мәселелері қарастырылды.

Жұмыс тобыныӊ жетекшісі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаты Мұхтар Тінікеев.

Енді аталған заӊ жобасы 8 желтоқсан күні жұмыс тобында қаралатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны