16.06.2010, 18:04 5316

Мәжіліс депутаттары Каспидегі бекіре тұқымдас балықтарды аулауға 15 жылдық мораторий енгізуді ұсынады

"Сізден бекіре тұқымдас балықтарды аулауға 15 жылдық мораторий жариялауды сұраймыз",- деді А. Бекенов.

Астана. 16-маусым. Kazakhstan Today Бүгін жалпы отырыс барысында ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Асхат Бекенов ҚР премьер-министрдің атына Каспидегі бекіре тұқымдас балықтарды аулауға 15 жылдық мораторий жариялауды сұрап, депутаттық өтініш жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Сізден бекіре тұқымдас балықтарды аулауға 15 жылдық мораторий жариялауды сұраймыз",- деді А. Бекенов.

Естеріңізге сала кетсек, 2010 жылдың мамыр айында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылық комитетінің төрағасы Юрий Ромашов 2010 жылдан бастап бекіре тұқымдас балықтарды өнеркәсіптік аулауға мораторий енгізуді ұсынған болатын.

"Біздің тарапымыздан бекіре тұқымдас балықтарды сақтау мақсатында белгілі бір шаралар қолданылуда. Осы жөнінде біз көктемгі балық аулау маусымы кезінде арнайы органдарға бекіре тұқымдас балықтарды тек ғылыми мақсатқа, тек ұдайы өндіріске ғана бағыттауды нұсқап хат жаздық. Осындай ұсыныспен біз үкіметке де шықтық", - деді Е. Ромашов.

Оның айтуынша, бекіре тұқымдас балықтарды тек ұдайы өндіріске ғана бағыттауды қарастыратын осындай мораторий біраз уақыттан бері Ресей Федерациясында да қолданылуда. "ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі осындай ұсыныспен үкіметке шықты. Олар қазір бұл мәселені мемлекеттік органдар деңгейінде талқылап жатыр. Егер ол қолдау тапса, бұл біржақты мораторий болмақ", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны