16.10.2007, 19:04 3007

Мәжіліс депутаттары Қытай Халық Республикасының Сыртқы достық байланыстар қоғамының өкілдерімен кездесті

Мәжіліс депутаттары Қытай Халық Республикасының Сыртқы достық байланыстар қоғамының өкілдерімен кездесті.

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін". Бүгін Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко басқарған бір топ палата депутаттары мен Қытай Халық Республикасының Сыртқы достық байланыстар қоғамының вице-президенті Шен Вэйпин бастаған делегацияның кездесуі өтті, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәжіліс төрағасының орынбасары екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстар жөнінде әңгімелеп, тауар айналымы биылғы жылдың бес айында өткен жылмен салыстырғанда 60 пайызға өсіп, 8 миллиард АҚШ долларына жеткенін мәлімдеді. "Қазақстан ХХІ ғасырға батыл қадам жасады, Елбасының халыққа жолдауындағы тапсырмалары нақты орындалуда. Қазақстан 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасауға және де ДСҰ-ға қосылуға ұмтылыс жасап отыр. Отанымызда татулық пен тұрақтылық салтанат құрып, болашаққа жарқын жол ашылды. Еліміздің Ата заңына толықтырулар енгізіліп, сол арқылы парламент пен саяси партиялардың ролі, жергілікті өзін-өзі басқару саласы күшейді." - деп, палатаның заң шығару ісінен де қонақтарды хабардар етті.

Қытай Халық Республикасының Сыртқы достық байланыстар қоғамының вице-президенті өз кезегінде Қазақстандық жұмыс берушілерге алдымен елінің алғысын жеткізді. Өзі басшылық жасап отырған қоғамының "Қытайдың негізгі көршісі - Қазақстан болғандықтан оның экономикалық, саяси дамуын бақылап, барлық жақтан дамуын қадағалап, байланыс жасап отыруға тырысамыз. Біз әлемнің көптеген елінің парламенттерімен байланыстамыз. Сол дәстүрді енді сіздермен жалғастырамыз"-деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны