18.10.2006, 14:03 2923

Мәжіліс ЕурАзЭҚ елдерінің сауда-саттығын лицензиялаудың біртұтас тәртіптері туралы хаттаманы бекітті

АСТАНА. 18-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдер арасындағы тауар импорты мен экспортына және осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың біртұтас тәртіптері туралы хаттаманы бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Хаттамада ЕурАзЭҚ-қа қатысушы елдердің үшінші елдермен сауда-сатығында елге әкелу немесе алып шығуға тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың біртұтас тізіміне енгізілген тауарларды экспорттауға (импорттауға) және осыған байланысты жекелеген қызмет түрлеріне лицензия беру мен оны бақылау ережелері айқындалады",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Хаттаманың құзыры экспорттық бақылау аясындағы тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ, қару-жарақ пен әскери техника және әскери мақсаттағы басқа да өнімдердің экспорты мен импортына жүрмейді",- делінген құжатта.

Хаттама ережелерінде қарастырылғанындай, тауар, қызмет және жұмыс түрлерінің импортына лицензия беру тәртібін республика үкіметі отандық өнім өндірушілердің мүддесін қорғау үшін енгізіп отыр.

Хаттамаға 2004-жылдың 25-қазанында Мәскеуде қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны